Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бүгін – Ұлттық басылым күні

2 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК
Бүгін – Ұлттық басылым күні

Kazgazeta.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Ұлттық басылым күнімен құттықтады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

«Бүгін – Ұлттық басылым күні. Бұл күннің отандық мерзімді баспасөз тарихының бастауы саналуы тегін емес. Сонау 1913 жылғы 2 ақпанда қазақ халқының бірлігінің ұйытқысына айналған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Содан бері газеттер мен журналдар мемлекет пен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға, ашық қоғам қалыптастыруға маңызды үлес қосып келеді.

Қазір қазақстандық басылымдар аға буын қалыптастырған сол игі дәстүрді лайықты жалғастырып отыр. Жақында Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында атап өткендей, олар бүгінде «ренессанс кезеңіне» қадам басты.

Шынында да, бүгінде ұлттық баспасөз интернет пен цифрлық технологиялардың арқасында аудиториясын кеңейтіп, қайта жаңғыру дәуірін бастан өткеруде. Осылайша, мерзімді басылымдар елдің медиа кеңістігінде маңызды орнын бекемдей түсті.

Ұлттық басылымдарды қолдау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Осы орайда, салада еңбек етіп жүрген барша азаматтарды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформалар мен бастамаларды, маңызды жобаларды халыққа жеткізудегі кәсіби шеберліктеріңіз бен әріптестік қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін.
Сіздерге шығармашылық шабыт, сарқылмас күш-қуат, толайым табыс тілеймін!», – деді А. Балаева.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 1991 жылы елімізде бар-жоғы 10 республикалық газет пен журнал ғана шықса, 2026 жылғы қаңтар айындағы дерекке сәйкес, Қазақстанда 5 062 БАҚ тіркелген. Оның ішінде 3 081-і мерзімді басылым: 1 932 газет пен 1 149 журнал.

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін: ІІМ ескерту жасады

Жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін: ІІМ ескерту жасады

Бүгін, 10:38
Қазақстан мен Мальдив арасындағы рейс саны екі есе өседі

Қазақстан мен Мальдив арасындағы рейс саны екі есе өседі

Бүгін, 10:34
Қазақстанда алтын бағасы ең төменгі деңгейге түсті

Қазақстанда алтын бағасы ең төменгі деңгейге түсті

Бүгін, 10:31
Қазақстан СІМ басшысы Брюссельде сегіз елдің министрімен келіссөз жүргізді

Қазақстан СІМ басшысы Брюссельде сегіз елдің министрімен келіссөз жүргізді

Бүгін, 10:30
Жетісу облысында 414 млрд теңгеден астам өнім өндірілді

Жетісу облысында 414 млрд теңгеден астам өнім өндірілді

Бүгін, 10:06

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.