«Қазгидромет» РМК 3 ақпан күніне байланысты еліміздің 15 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады, сондай-ақ тұман, көктайғақжәне желдің күшеюі күтіледі. Кей аймақтарда ауа температурасы күрт төмендеп, 15-22 градус аязға дейін жетуі мүмкін.
Қолайсыз метеожағдайлар Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау, Түркістан, Қостанай, Жамбыл және Ақмола облыстарындаболжанып отыр.
Мамандар тұрғындарды жол қозғалысы кезінде сақ болуға, мүмкіндігінше ұзақ сапарларды кейінге қалдыруға және ауа райы туралы ресми ескертулерді қадағалап отыруға шақырады.





