Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды

03.02.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды
WhatsAppTelegramFacebook

Елордада Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға партияның саяси кеңес мүшелері, Парламент пен мәслихат депутаттары, әйелдер және жастар қанатының өкілдері қатысып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жан-жақты талқыланды.

Кездесу негізгі заңға салмақты көзқараспен қарап, ортақ партиялық ұстанымды қалыптастыруға арналған ашық диалог алаңына айналды.

Отырысты ашқан партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров ұсынылып отырған құжатты мемлекеттің дамуы үшін сапалық тұрғыдан жаңа кезең деп бағалап, талқылаудың бағытын айқындады.

– Біз мазмұны терең, мәні бөлек құжатты талқылап отырмыз. Жаңа Конституция — мемлекет пен азамат арасындағы жаңартылған қоғамдық келісім», – деді ол.

Төраға құжатта унитарлы құрылым мен аумақтық тұтастықтың мызғымай сақталғанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар жаңа жобаның өзегінде адамға бағытталған, азаматтың құқығы мен қадірін алдыңғы орынға қоятын көзқарас бар екенін айтты.

– Respublica үшін бұл – қағида. Біз мемлекет адам үшін қызмет етуі керек деп есептейміз», — деп түйіндеді Айдарбек Қожаназаров.

Өңірлік партия жетекшілері реформаның практикалық қырларына тоқталды. Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Әубәкіров ғылым мен инновацияның Конституцияда бекітілуі жоғары технологиялы экономикаға өтудің берік негізі екенін атап өтті.

–Қарағанды өңіріндегі бизнес қауымдастық пен азаматтық қоғам жаңа Конституция жобасын қолдайды. Біз бұл реформаны әлеуметтік әділеттіліктің тірегі, мемлекетке деген сенімді нығайтатын және ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылықтың құралы деп көреміз», — деп бір палаталы Құрылтайды қалыптастыруда саяси партиялардың рөлін күшейтудің маңызын атап өтті.

Re.Women әйелдер қауымдастығы мен ReJastary жастар қозғалысының өкілдері реформаны азаматтық қатысуды кеңейтетін нақты тетік ретінде қолдайтындарын білдірді. Атырау облысындағы Re.Women қауымдастығының төрайымы Гүлназ Кәрімжан қоғамдық диалогты кеңейту мен Халық кеңесі секілді институттардың енгізілуі ашықтық пен әділет қағидаттарына сай келетінін айтты.

–Re.Women қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдайды. Бұл құжат ел дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз», – деді ол.

Шығыс Қазақстан облысындағы ReJastary үйлестірушісі Жігер Сәрсенбаев Конституцияда бекітілген «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттары жастардың әлеуетін іске асыруға және ел өміріне жауапкершілікпен араласуына негіз болатынын атап өтті.

– Әділетке және құқыққа сүйенген мемлекет ең алдымен жас ұрпақтың тағдырын айқындайды», – деді жастар қауымдастығының өкілі.

Отырыста сондай-ақ Мәжіліс депутаттары, Respublica партиясы фракциясының мүшелері Нұргүл Тау, Олжас Құспеков, Айтуар Қошмамбетов, Екатерина Смолякова, Динара Наумова, Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұржігіт Хайруллаев, Павлодар облыстық филиалының төрағасы Амангелді Маханбет, Астана қалалық филиалының төрағасы Шыңғыс Түсіпбаев сөз сөйлеп, ұсынылып отырған өзгерістер аясында ұлттық бірлікті нығайту мен жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін арттырудың маңызын баяндады.

Талқылау қорытындысында ортақ әрі айқын шешім қабылданды: Respublica партиясы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қолдайды. Қатысушылар бұл құжатты азаматтардың әл-ауқатына бағытталған, әділетті әрі берік мемлекет құрудың негізі деп бағалады. Партия алдағы жалпыұлттық талқылауға белсенді қатысуға дайын екенін білдіріп, барша азаматтарды елдің болашақ Негізгі заңын қалыптастыруға атсалысуға шақырды.

Қатысты жаңалықтар

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026
Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

03.02.2026
Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

03.02.2026
Қатерлі ісік қауіпті дерт

Қатерлі ісік қауіпті дерт

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.