Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлімдеді.
Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлімдеді.
Ресми мәліметке сәйкес, Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен қызметтен кеткен.
– Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, – делінген әкімдік хабарламасында.
Еске салайық, 23 қаңтар күні бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Серік Сәпиевті өз орынбасары соққыға жыққаны туралы ақпарат тараған болатын.
Кейінірек Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал шыққан.
– Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлаған еді полиция.
Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469
Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69
Пошта: jetisu2002@mail.ru
«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990
© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.