Исламабадта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапарына дайындық жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысы 3-4 ақпан күндері Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады. Сапар аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен және ел Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөздер өткізеді.
Кездесулер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысуы көзделген.





