Талдықорған: +2°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда жансақтау бөліміне түскен баланың анасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны екенін айтты

04.02.2026
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда жансақтау бөліміне түскен баланың анасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны екенін айтты
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда үш жасар қызын аяусыз соққыға жыққан ер адам қамауға алынды. Бүлдіршін Ақжарқын Жұмақанова ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Мас әкесі анасы моншада жуынып жатқанда қызын сабап тастаған.

Әлеуметтік желіде тараған видодан кішкентай Ақжарқынның беті сырылып, көгергенін, іші мен арқасында көптеген гематома барын көруге болады.

Қыздың анасының айтуынша, олар жер үйде тұрады. Әйел шамамен жарты сағатқа моншаға кеткен, сол уақытта балаларға әкесі қарап қалған. Жадыра Жұмақанова күйеуінің мас болғанын мойындайды, бірақ туған қызына қол көтереді деп ойламағанын айтады.

“Қызымның арқасында, бетінде және ішінде көгерген жерлер бар. Дәрігерлер баланың ішкі ағзалары зақымданған дейді. Мен бар болғаны жарты сағатқа ғана шығып кеттім. Сол уақыттың ішінде ол қызымызды ұрып үлгерген. Өзі мас болған. Мен “неге Ақжарқынға қол көтердің?” деп сұрадым. Ол ұрмағанын айтты”, – дейді Жадыра Жұмақанова.

Ерлі-зайыптылар бес жыл некеде тұрған. Әйел 30 жаста, ер адам – 37-де. Ер адам қара жұмысшы болып істейді. Олар 3 және 2 жастағы екі баланы тәрбиелеп отыр. Жадыраның айтуынша, күйеуі жиі ішіп кеп, өзін де ұрып-соғады. Күйеуінің өзгеретініне сенген әйел бәріне шыдаған. Алайда күйеуі қызына қол көтергеннен кейін, өзі полиция шақырған.

“Полиция қызметкерлері күдіктінің, яғни баланың әкесінің тұрғылықты жеріне дереу жетті. Мас ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Руслан Чарапиев.

Кішкентай Ақжарқынның бауыр циррозымен ауырғаны белгілі болды. Бір жылдан астам уақыт бұрын оған бауыр трансплантациясы жасалған.

Емге байланысты шығындарды өтеу үшін Түркияда ем қабылдауға шұғыл қаражат жиналған. Бұл іске қайырымдылық қоры кіріскен. 31-арнанасына пікір білдірген еріктілердің айтуынша, сол кезде-ақ баланың анасы күйеуінің өзін ұрып-соғатынын айтқан.

“Өкініштісі, әкесі қыздың бауырын ауыстыруға қарсы болды. Тіпті бізге де балағат сөздер айтып, агрессия көрсетіп тиісті құжаттарды жинауға кедергі келтірді. Анасының да қатты қиналып, күйзеліске түсіп жүргенін байқадым. Мен анасынан “күйеуіңіз ұра ма?” деп тіке сұрадым. Ол “иә, ұрады, мен одан қорқамын” деді. Отбасы көмек сұраған кезде баланың жағдайы өте ауыр еді, оны шұғыл түрде Түркияға бауыр ауыстыру операциясына жіберу қажет болды. Біз баланы толықтай өз қамқорлығымызға алдық. Көмекшілеріміз анасына киім-кешек, тамақ, Ақжарқынға ойыншықтар алып берді. Қысқа мерзімде 50 мың доллар көлемінде қомақты қаражат жиналды. Бауыр трансплантациясы сәтті өтті”, – дейді “Солнце в ладошках” қайырымдылық қорының өкілі Екатерина Доброва.

Алайда кішкентай Ақжарқын бұл жолы әкесінің қатігездігінен қайтадан ауруханаға түсті. Үш жасар қыз бүгін палатаға ауыстырылды. Науқас ақ халаттылардың бақылауында. Қазір оның жанында анасы бар. Отбасы балалар құқықтарын қорғаушылардың да ерекше бақылауында.

“Бүгін таңертең мен ауруханаға қайта барып, дәрігермен кездесіп, баланың денсаулық жағдайы туралы сұрадым. Сондай-ақ анасына жолығып, сөйлестім, қажет болған жағдайда хабарласуы үшін жеке байланыс нөмірімді бердім”, – деді Жетісу облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Ермек Егінбаев.

Жергілікті омбудсмен күдіктіні ата-ана құқығынан айыруға ұсыныс бердік дейді. Бұл мәселені енді арнайы комиссия шешеді.

Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Зардап шеккен қыздың әкесі 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: BAQ.KZ

Қатысты жаңалықтар

Терең өңдеу және экспорттық рекорд: Қазақстан агросекторының жаһандық әлеуеті

Терең өңдеу және экспорттық рекорд: Қазақстан агросекторының жаһандық әлеуеті

04.02.2026
Қазақ өнерінің майталманы Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден озды

Қазақ өнерінің майталманы Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден озды

04.02.2026
Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады

Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады

04.02.2026
Қазақстанда электромобиль зауыты салынады

Қазақстанда электромобиль зауыты салынады

04.02.2026
Жасанды интеллект және өндіріс: Қазақстанның ірі зауыттары қалай цифрландырылуда?

Жасанды интеллект және өндіріс: Қазақстанның ірі зауыттары қалай цифрландырылуда?

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.