Талдықорған: -0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАС ҚАЛАМ

Тылсым дүние (әңгіме)

12.02.2025
ЖАС ҚАЛАМ
Тылсым дүние (әңгіме)
WhatsAppTelegramFacebook

Көптеген адамның түсініксіз, таңғажайып оқиғаларды басынан кешкені туралы әңгімелерді жиі естиміз. Өмірде біз біліп, түсіне бермейтін құбыжық, елес туралы аңыз бен оқиғалар жиі айтылады. Бірақ өз басымыздан өткермегеннен кейін біріне сенсек, екіншісіне күмәнмен қараймыз. Себебі, «ел аузындағы әңгімелер көбіне шындыққа жанаспайды» деген ой санаға сан сауал салатыны анық.

Бiзге тылсым, адам айтса сенгісіз оқиғаны анам айтқан сәтте менде өтірік шығар деп ойлағанмын. Бірақ, осыдан 25 жыл бұрын орын алған дерекпен дәйегі анық оқиға мені өзіне сендіре білді. Әңгімеміздің кейіпкері Медет есімді 30-ға таяған жігіт. Ол ақкөңiл, жомарт жан болатын.

Қыс. Дала аппақ қарға оранған. Қақаған аяз өн бойыңды қарып, еріксіз тоңдырады. Медет пен Самалдың арасы да осы аяздай суығалы айға таяған. Оның басты себебі Медеттің суық жүріске салынуы.  Әйел үшін мұндай жайттан асқан қорлық жоқ шығар. Сүйген адамының өзгеге көз салуы биік құздан құлағанмен тең. Сол күннен кейін олар бір-бірін жарты айға жуық мүлдем көрмеді. Бірақ осы қысқа уақыт ішінде Медет естен кетпес, үрейлі оқиғаларды басынан өткізді.

Медет екі баласы бола тұра әйелінің көзіне шөп салды. Осыдан кейін отбасына баруға жасқанып, туған ауылындағы қараусыз қалған үйіне тура тартты. Анасы аудан орталығына қоныс аударғалы бұл үй мүлде қараусыз қалған болатын. Қызықтың көкесі міне осы баспанаға келгеннен кейін басталды. Ол берекесі қайнаған отбасының шаңырағын шайқалтқан күйік пен өз-өзін іштей жеген күйзелісті ішімдікпен басқысы келді. Оған салынғаны соншалық бұндағы өткен жарты айдың соңғы үш күні ес-түсін білмеді. Сондықтан да болар жападан жалғыз ескі қоныста алғаш рет тылсым күштің шырмауына тап болды…

Медет әйеліне жасаған опасыздығына налып, одан қалай кешірім сұрауды ойлап қапа болды. Бірақ, соңғы күндері басынан өткен оқиға бұл ойдың бәрін есінен шығарды. Қара шаңырағында шырт ұйқыда жатқан оған сағат үнінің қатты естілуі таңырқатты. Оған мән бермеуге тырысты. Жұмулы көзін сәл ашып алдына қарағанда қарсы алдында марқұм әкесі мен сұлу жүзді, қысқа шашты әйелді көрмесі бар ма?! Әкесі оған: 

– Балам орныңнан тұр. Ұйқыға кетуші болма! Қазір оянбасаң сағаттың тілі 12-ні көрсеткенде сені алып кетеді.

Медет шошығанынан орнынан атып тұрды. Манағы көргені түс пе әлде сағым ба? Өңі сияқты күйді де кешті. Осы ойлармен алысып, талықсып кеткен ол ертесі тәңертең ұйқысынан бір-ақ оянды. Медет әкесінің шынымен жанында екенін көріп таң қалды. Бірінші ойына келгені «өзін қайтыс болып кеттім ба?» деп үрейленгені еді. Әкесі оны қорғауға келгенін айтып, сендірді. Бәрі жалған сияқты. Бірақ бұл шындық болатын.

Бей уақытта Медетке ақырындап түрлі дауыстар естіле бастады. Шошыған ол бір тылсымның өзіне байланғанын сезді. Сол түні  оның үйіне адам толы камаз келді. Бортында тірі жан жоқ тек аруақтар. Олар: «Біз жұмақтықтармыз, сенің дәм тұзыңның таусылуға шақ қалғанын хабарлауға келдік» деп зәресін алады. Орын алған бұл тылсымға еш сенбейін десе, ертеңінде тура сол камаз өткен жерде үлкен дөңгелектердің ізі анық көрініп жатты. Бұл ұзақ түннен соң болған оқиға Медетке маза бермей, тұңғиық ой түбіне түседі. Жанын шүберекке түйген оған қайын атасының келгені қуантты. Құдасы үйге аяқ басқан сәтте ұлының жанында жүрген әкесінің әруағы Медетке:

– Қайын атаңды айнаға қаратпа, — деп диванға жайғасты.

​Ұлы оның айтқанын жасап, қайын атасын айнаға қаратпастан қонақ бөлмеге әкеледі. Ол құдасының дәл жанына барып отырады. Бір қызығы қайын атасының тура әруақ жайғасқан жерге де отыруына мүмкіншілігі бола тұра, бір қадам өте тізе бүкті. Біраз әңгіме айтып ол кісі кеткеннен кейін оған әлгі таныс дауыстар қайта тыным бермей, мазасын алды.

Тағы да бей уақыт. Кешкі тамағын жасап жатқан Медетті артынан біреу қолын қайырып, орындыққа байлайды. Түрлі сұрақ қойылып, кәдімгідей тергеу басталды. Жалған айтылған әр сөзі үшін аямай соққыға да жықты. Бірақ олар мұның сөзі жалған екенін қайдан білді? Бір уақытта оң жағы мен сол жағына басын бұра қаратып, жұмақ пен тозақты көрсетіп:

– Сенің барар жерің мынау! – деген қатқыл дауыс лаулаған отты көрсетті. Бірақ әкесі оған барын салып көмектесіп, сол жерде әр құлаған сәтте су шашып, қолтығынан демеп, көтеріп тұрды. Дәл осы сәтте азапталып жатқан Медетті іздеп туысқан ағасы Қайрат үйге келеді. Есіктен кірсе де ас үйде байланып отырған Медетті көрмеді, газда күйіп жатқан тамақты өшірді. Медеттің атын атап, әр бөлмеден оны таба алмай қайта шығып кетеді. Таңқаларлығы, есіктен кіреберіс жерде отырған ол ағасына қалайша көрінбеді?! Міне бұл да бүгінге дейінгі жауабы жоқ сауал…

Медет әлі қалмай, жаны көз ұшына тығылып, демі бітіп, таусылды дегенде қалай босағаны белгісіз еңбектеп иесіз үйден қаша жөнелді. Қорыққаны соншалық анда-мұнда жерге тиген аяғы өзіне бойұсынар емес. Бар ойы анасының үйіне жету. Бірақ сүркейлі дауыс тағы да құлақ түбінен шықты:

– Сен бәрібір бейіт басынан өтпей жатып жол апатына түсесін. Өлесің. Жүргізушінің обалына қалма, кетпе! – деді. Бұндайда екі аттам жерде тұрған көршісінің үйіне жету де мұң болды. Жүрегі кеудесіне сыймай келе жатқан адамзатқа әлгі дауыс су шығаратын колонканың жанынан өткен кезде тағы да кішкентай жиналған топырақты көрсетіп:

– Мынау сенің төмпешігің сені осында жерлейміз, – деді.

Зорға дегенде көршісіне жетті-ау. Өң-түс жоқ Медетті көріп шошыған олар оған сүт құйып бергенде:

– Мен осы сүттің ішіндемін, араласып жүрмін. Қазір тамағыңа тұрып қаламын, – деп сыбырлайды. Міне осылай арпалыспен анасының үйіне әрең жеткен күйеуінің оқиғасын ести сала Самал тізгін ұшымен келді. Осы оқиғадан кейін оны әйелі кешіріп, бәрін ұмытып жаңға өмір бастауды жөн көрді. Жан жарын 40 күн бойы молдаға апарып ұшықтатып,  дем салдырды. Имамның айтуынша, Медетті әйел адам күріш беріп дуалаған. Самалдың көзіне шөп салуының басты себебі де осы. Сонда бұл жалған ғұмырда бір адам екінші адамның тағдырын қалай өзгертеді?! Оның арғы өмірдегі сұрағы мен жазасының өте ауыр болатынын неге ойламайды?!

Ем-домның соңғы күнінде молда Самалға:

– Қырық күн дем салғаннан кейін оған тағы да азғырушылар келіп өлімге итермелеуі мүмкін. Бақылауда ұстаңыздар, – деп ескертеді. Шынымен де тура сол күні Медет жуынатын бөлменің есігін құлыптап, ұзақ уақыт жоқ болып кетеді. Қорыққан әйелі имамның айтқанын есіне түсіріп, есікті әрең сындырып ішке кірсе, күйеуі белдігін шешіп, мойнына енді ілгелі тұрғанын көреді. Сол оқиғадан соң Медет әлі күнге дейін үрей құшағында өмір сүріп келеді. Оның салдарынан ащы суға да бейім болды. Осындайда «дуаланған адамның ақыл есі бұрынғыдай  болмайды» деген елдің сөзі ойға оралады. Көз алдымызда болған оқиға, орын алған түрлі жағдай, соның салдарынан құрдымға кете жаздаған тағдыр тылсым дүниенің барын сезіндіреді. Қанша жерден «ел айта береді, жалған сөз дегенімізбен» бәрібір де жүрегің көз көрген сәттер ақиқатты еріксіз мойындатып жатады. Өйткені бұл – пердені ғұмыр, жанкешті жалған, сізбен бізден бөлек қатар өмір сүретін екінші ғалам барын айқындайтын болжаусыз уақыт тізбегі…

 

Гүлнұр БАЙМҰХАН
ЖУ-дың 4-курс білімгері

Фото: shedevrum.ai

Қатысты жаңалықтар

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

Адам құқықтары және болашаққа бағдар

07.02.2026
Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау күшеймек

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

07.02.2026
Италияда Олимпиада ойындары басталды

Италияда Олимпиада ойындары басталды

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.