34 жастағы қазақстандық және ресейлік комик Нұрлан Сабуровқа Ресей Федерациясына 50 жыл мерзімге кіруге тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады. Түрлі дереккөздердің мәліметінше, шектеу көші-қон және салық заңнамасын болжамды түрде бұзумен байланысты болуы мүмкін, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Аталған мәлімет ресейлік Telegram-арналарда тараған.

Mash басылымының жазуынша, қазіргі уақытта Нұрлан Сабуров Мәскеудегі Внуково әуежайында жүр. Кей деректерге сәйкес, ол елден ұшып кету үшін билет сатып алуға қаражаты болмағандықтан, әуежайдан шыға алмай отыр деген болжам бар.
Журналистердің еске салуынша, 2025 жылы Сабуров Ресейде көші-қон заңнамасын бұзып, елде болу мерзімін асырып жіберген. Сол кезде оған айыппұл салынып, Ресей аумағынан кету және белгіленген тәртіппен қайта кіру үшін екі апта уақыт берілген болатын.
Ал РИА Новости басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап, тыйым салу туралы шешім елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңнаманы сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғау мүддесінде қабылданғанын хабарлады.





