Талдықорған: +8°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция туралы пікір білдірді: өңірлер тұрақты даму үшін нақты тетіктерге ие болады

7 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК, САЯСАТ
Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция туралы пікір білдірді: өңірлер тұрақты даму үшін нақты тетіктерге ие болады

zakon.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын Конституциялық деңгейде бекіту қажеттігін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында көтерді.

Комиссия отырысында ол экологиялық нормалардың өңірлер үшін, соның ішінде экологиялық ахуалы күрделі Арал маңы аймақтары үшін ерекше маңызға ие екенін айтты. Облыс әкімінің пікірінше, теңіздің тартылуы қоршаған ортаға ғана емес, аймақ халқының өмір сапасына, денсаулығына және әлеуметтік жағдайына да тікелей әсер етіп отыр.

– Арал теңізінің тағдыры – бүкіл адамзат үшін ауыр сабақ. Оның салдарын біз әлі күнге дейін сезініп келеміз. Сондықтан мемлекеттің қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету міндетін, азаматтардың экологиялық қауіпсіздікке қатысты құқықтарын Конституциялық деңгейде бекіту – уақыт талабы», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасында экологиялық ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуге және қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған нормалар қарастырылған. Бұл өзгерістер экология саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтіп, өңірлерде алдын алу шараларын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы рөлін арттыруға арналғанын атап өтті. Құжат әлеуметтік теңсіздікті қысқартуға, ауылдық аумақтарды қолдауға, жұмыспен қамтуды кеңейтуге және инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытуға құқықтық негіз қалыптастырады.

Оның сөзінше, білім беру саласын стратегиялық басымдық ретінде бекіту – адами капиталды дамытудың басты тетігі. Бұл жастарды сұранысқа ие мамандықтарға даярлауға және олардың әлеуетін туған өңірлерінде жүзеге асыруына жағдай жасауға бағытталған.

– Елімізде адами капиталды дамыту үшін білім беруді стратегиялық басымдық ретінде бекітеді. Біз жастардың болашағына инвестиция салуды, сұранысқа ие мамандарды даярлауды, жас азаматтардың өз әлеуетін туған жерінде іске асырып, болашағын туған елмен байланыстыруына жағдай жасауды толық қолдаймыз», – деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, баяндамасында Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция жобасы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, өкілеттіктер мен жауапкершілікті нақты ажыратуға және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталғанын айтты.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.