Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі соңғы екі жылда түбегейлі жаңғыру кезеңінен өтті. Аталмыш өзгерістер жай ғана статистика емес, әрбір азаматтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін нақты қадамдарға айналды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған реформалар саланың нәтижеге бағытталған жаңа моделін қалыптастырды.
Ең басты көрсеткіш – халықтың өмір сүру ұзақтығы 75,8 жасқа дейін өсті. Бұл медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасының артқанын көрсетеді.
-
-
Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2-2,6%-ға азайды;
-
Нәресте өлімі 18,7%-ға төмендеді;
-
Қазақстан Адам дамуының индексінде 60-орынға көтерілді.
-
Ауыл медицинасы мен инфрақұрылым
Ауылдық жерлердегі медицинаға ерекше көңіл бөлінді. 655 жаңа нысанның құрылысы аяқталып, 228 ауылда тарихында алғаш рет медициналық ғимараттар бой көтерді. Сонымен қатар, елімізде үш ірі республикалық орталық жұмыс істей бастады:
-
Ұлттық ғылыми онкология орталығы;
-
Ұлттық инфекциялық аурулар орталығы;
-
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы.
Ана мен бала: Болашаққа қамқорлық
Әйелдерге кеңес беру жүйесі қайта жанданып, пренатальды скринингпен қамту деңгейі артты. Ең маңызды жетістіктің бірі – жатырішілік хирургияның дамуы. Бүгінде 118 нәрестеге ана құрсағында жатқанда ота жасалып, аман қалды. Перинаталдық өлім көрсеткіші 4,7%-ға төмендеді.
Жоғары технологиялар мен цифрландыру
Қазақстан Орталық Азияда алғаш рет Протондық терапия орталығын іске қосып, әлемнің үздік 25 елінің қатарына енді.
Цифрландыру саласында да айтарлықтай жетістіктер бар:
-
Дәрігерлердің әкімшілік жүктелмесі 40%-ға азайды;
-
e-Densaulyq цифрлық экожүйесі енгізілді;
-
Дәрі-дәрмектің 7,9 мың түрінің бағасы орташа есеппен 11-20%-ға арзандады.
Кадрлық әлеует және қауіпсіздік
Дәрігер тапшылығы 19%-ға азайды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау туралы заң қабылданып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауруханаларда 152 полиция посты орнатылды.
2026 жылғы қаңтардан бастап балалар медицинасына бөлінетін тарифтер өсті. Мысалы, эндокринология саласы бойынша қаржыландыру 43%-ға, ал пульмонологияда 39%-ға артты. Бұл балалар ауруханаларының қаржылық тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.





