Талдықорған: -2°C
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«АПА, сен болмасаң…» кітабының тұсауы кесілді

13.02.2026
КҮНДЕРЕК
«АПА, сен болмасаң…» кітабының тұсауы кесілді
WhatsAppTelegramFacebook

Жастықтың оты жалындап тұрған шағында өскіндей кезеңінің күнгейі мен теріскейін түгел шалып, өрелі жыр сабақтай білудің, әдебиетке екпіндете келудің өзі – өнер. Тарихы 108 жылға құлаш ұрған «Жетісу» газетінің кенже баласындай жас тілшіміз Санжар Сұлтанғазы «Апа, сен болмасаң…» деген алғашқы жыр жинағымен-ақ екпінін байқатқан болашағынан үміт күттірген талантты ақын.

Ата басылымның осынау тілшісінің аталмыш кітабы С. Сейфуллин атындағы облыстық кітапханасында өткен «Ауыл академиясы» атты рухани кешке арқау болды.

Жалынды жырмен басталған поэзия кешінің шымылдығы «Апа, сен болмаса…» кітабының тұсаукесер рәсімінен бастау алды. Оқырманға ақжолтайланар ақық жырлар топтасқан қанатқақты туындыны Жетісу облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, Қазақстанның Құрметті жазушысы, көрнекті ақын Нүсіпбай Әбдірахым, жетісулық қабырғалы қаламгерлер Гүлжан Тұрсын, Сағыныш Намазшамова, Есболат Айдабосын алғашқы оқырман есебінде қолына алып, лентасын қиды.

Тау суындай мөлдір де сарынды, нәзік лирика мен шымырқанған асау жастықтың екпіні басым жырлардан құралған жайнақ туындының алғы сөзін жазған Нүсіпбай Әбдірахым рухани кештің алғашқы сөзін алды.

Жан тебірентер жақсы жырдың бәрі әдебиет әлемінде еселі еңбек еткен қаламгерлердің шығармашылығынан көрініс беретіні анық. Тұлғаға айналған әдебиет өкілдерінің өміршең шығармашылығы да өскіндей шағынан тамыр тартады десек, бүгінде Жетісу жерінде талантты жастардың барына қуанасың. Дегенмен, қазақ руханиятына қосылып жатқан жастардың әр жазбасын саралап тұрамын, жіті оқимын деп айта алмаймын. Оған уақыт мұрша бермейді. Бірақ, соңғы жылдары жырын тұшынып оқыған, болашағынан үміт күттірген екі ақынды айрықша айтар едім. Оның бірі – Асыл Сұлтанғазы болса, екіншісі – тұсауы кесілген кітабына өзім алғы сөз жазған Санжар Сұлтанғазы бауырым, – деп толғана келе жас ақынға ақ батасын берді.

Өз кезегінде сөз алған белгілі журналист, ҚР Ақпарат саласының үздігі Гүлжан Тұрсын Санжар Сұлтанғазыны «Жетісу» газетінің олжасы деп айрықша бағаласа, «Апа, сен болмасаң…» кітабына жарыққа шығуына ағалық қамқорлығын көрсеткен Марлен Қапашұлы әдебиет әлеміне қосылған жас талантқа сәттілік тіледі.

Шара аясында автор тұмадай тұнық жырларын оқыса Сағыныш Намазшамова, Есболат Айдабосын бастаған қаламгерлер ақ тілегін ақтарысты. Ал, «Жетісу» газетінің бас редакторы, «Құрмет» орденінің иегері Жұматай Оспанұлы қазақ поэзиясы туралы толғанып, ақындық жолдың ауырлығы туралы аз-кем ой сабақтады. Руханият әлеміндегі шәкіртіне сәттілік тіледі. Атал басылым «Жетісу» газетінің ұжымы Санжар Сұлтанғазының кейіпкеріне айналған, кітабына арқау болған апасы Тілеуғайша Сұлтанғазинаның басына орамал жауып, гүл шоқтарын табыс етті.

Алтын асықтай ұл тәрбиелеген апаға деген құрметтен кейін де ізгі тілектер төгілді. Облыстық кітапхана қыздары жыр оқыса, Алматыдан ат терлетіп келген Қуаныш Жазай секілді зиялы қауым да жаңа кітап ел жастанып оқыр туындылар қатарынан көрінуге тілекші екендіктерін жеткізді.

«Парасаттылықтың ең биік ғұмараты» деп Әбіш Кекілбаев баға берген кітапханада өткен ғажайып жыр кешін С. Сейфуллин атындағы рухани ошақтың директоры Самал Шаяхметова ізгі тілегімен қорытындылады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады

Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады

13.02.2026
Инвесторлармен кездесті

Инвесторлармен кездесті

13.02.2026
Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

13.02.2026
Үнзила Шапақ: Жаңа Конституция жобасында тарихымыз алғаш рет мызғымас ұлттық құндылық ретінде танылды

Үнзила Шапақ: Жаңа Конституция жобасында тарихымыз алғаш рет мызғымас ұлттық құндылық ретінде танылды

13.02.2026
Ерлан Саиров: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін тетіктер қарастырылды

Ерлан Саиров: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін тетіктер қарастырылды

13.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.