Талдықорған: +8°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«SARAP» отырысында тарихи-мәдени мұраның конституциялық құндылықтар жүйесіндегі орны талқыланды

14 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК
«SARAP» отырысында тарихи-мәдени мұраның конституциялық құндылықтар жүйесіндегі орны талқыланды

Screenshot

WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін, 14 ақпан күні, Астанада «Қазақстанныңконституциялық құндылықтар жүйесіндегі тарихи-мәдени мұраның орны мен маңызы» атты «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды.

Жиында тарихи-мәдени мұраның конституциялық деңгейде бекітілген құндылықтар жүйесіндегі рөлі және ұлттық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызы талқыланды. Сарапшылар тарихи жады мен мәдени сабақтастықтың мемлекеттілікті нығайтудағы стратегиялық мәніне тоқталып, тарихи-мәдени мұраны қорғау – мәдени саясаттың бір қыры ғана емес, конституциялық құрылыстың ажырамас құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

Іс-шараға ғылыми қауымдастық өкілдері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері және сарапшылар қатысты.

Модератор – Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Мунира Абулова іс-шараның маңызына тоқталып, Конституцияның жаңа жобасында мәдениет пен білімге, ғылым мен инновацияға айрықша басымдық берілгенін атап өтті.  

«Тарихи-мәдени мұра – қоғамның рухани негізі әрі конституциялық құндылықтардың мазмұнын айқындайтын маңызды фактор. Ата заңның жаңа жобасында осы сала да назардан тыс қалмаған, ұлттық құндылықтарға ерекше мән беріліп, азаматтар мен мемлекеттің міндеті нақты айқындалған. Мұндай өзгерістер тарихи-мәдени мұраны қоғам игілігі ретінде танудың құқықтық негізін нығайта түседі».

«Қазақ газеттерінің» бас директоры, Конституциялық комиссияның мүшесі Дихан  Қамзабекұлы Конституцияның жаңа жобасы бұрын айтылмаған, қазіргі уақытта ерекше маңызы бар мәселелерді қамтыды деп пікір білдірді.

«Ата заңның преамбуласы мыңдаған жылғы тарих сабақтастығын, білім мен ғылым, мәдениет құндылықтарын қамти отырып, жаңа стратегиялық бағдарларды айқындап берді. Осы бағыттардың Конституция деңгейінде бекітілуі мәдениет саласының дамуына, тарихи-мәдени мұрамыздың әрі қарай дәріптелуіне, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайтуға және ұрпақтар сабақтастығын жалғауға септігін тигізеді».

Жиында Ұлттық академиялық кітапхананың директоры, ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» жобасы жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы Күміс Сейітова баяндама жасады.

«Тарихи-мәдени құндылықтар мәселесінің Конституция деңгейінде бекітілуі елдің бай мұрасын халықаралық кеңістікте насихаттауға зор ықпал етеді. Бұл қадам мемлекеттің мәдени саясатындағы басымдықтарды нақтылай түсті», – деді спикер.

Сондай-ақ талқыда ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серікзат Дүйсенғазы, ҚЭЗИ Этномедиация орталығының директоры, мәдениеттанушы Фарида Мұсатаева сөз сөйлеп, тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған конституциялық қағидаттарды іске асырудағы мемлекеттің және ғылыми-зерттеу институттарының рөліне тоқталды.

Одан бөлек, отырыс барысында тарихи-мәдени мұраны ғылыми тұрғыдан зерделеп, халықаралық және жергілікті деңгейде кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды. Сарапшылар өзара пікір алмасып, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеу, жетілдіру және тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасы мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастырады, оның ішінде тарихи-мәдени мұраның насихатына да тың серпін береді деген қорытындыға келді.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімділік көтергіштен басталады

Қолжетімділік көтергіштен басталады

Бүгін, 15:46
Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Бүгін, 15:25
Жетісу облысына — 3 жыл: шамамен 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, кезекте тұрған 5735 адам үйлі болды

Он айда 14,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

Бүгін, 14:52
Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін, 14:01
Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.