ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданына қарасты шекара басқармасының әскери қызметшісі, ефрейтор Азат Джанбаев облыстық шаңғы чемпионатына қатысып, ерлер арасында командалық есепте үшінші орынға ие болды.
Шара барысында әскери қызметші өз шеберлігін көрсетіп қана қоймай, спортқа деген қызығушылығын және физикалық дайындығын жоғары деңгейде ұстағанын дәлелдеді. Ефрейтор Азат Джанбаевтың жетістігі бөлімше ұжымында да үлкен қуанышқа себеп болды.
Шекара басқармасы басшылығы оның бұл жеңісін атап өтіп, қызметшілерді спортқа баулу, тәртіп пен командалық рухты дамыту маңызды екенін атап көрсетті.
Гүлім ҚАЖИМҰРАТ





