Талдықорған: -5°C
$ 496.85
€ 585.54
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Дайыровтың дабыры»: Талдықорғандағы атышулы көше жөнделеді

24.02.2026
КҮНДЕРЕК
«Дайыровтың дабыры»: Талдықорғандағы атышулы көше жөнделеді

7su.kz/ Арайлым Абылғызы

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының орталық базар іргесіндегі Әбдіқадір Дайыров көшесінің жыры әлі де бітер емес. Ірі сауда орындары мен халық тығыз қоныстанған жолда көлік тұрмақ жаяу жүрудің өзі мұң. Кедір-бұдыры мен ой-шұңқыры көп көше әр қыста көк мұз болып, көктем сайын балшыққа айналады. 30 жылдан бері жөндеу көрмеген оның мәселесі күн тәртібіне көтерілгелі қашан? 

Көше тұрғындарының айтуынша, аталмыш мәселе биыл ғана туындаған жоқ. Отыз жылдан астам уақыт бойы бірде-бір рет асфальт төселмеген жолдың жағдайы уақыт өткен сайын нашарлайды.

«Біздің осы жерде тұрып жатқанымызға 31 жыл болды. Көшіп келгелі бері бір рет те тас жол салынған емес. Жол езіліп, ми батпаққа айналады. Машиналар жүре алмайды, жаяу жүргінші лайға батады. Бізге тек адамша жүретін жол жасап берсе, басқа ештеңе сұрамас едік», – дейді ашынған тұрғындардың бірі Аружан (есімі өзгертілді).

Жақында ғана қала әкімі Ернал Бәзіл мен блогер Қайрат Әбдірахман сол көшеге арнайы барып, алдағы жоспар туралы сұхбат құрды. Сапар барысында шаһар басшысы сүйінші жаңалығымен бөлісті.

Құрылысқа қажетті қаражат толық бөлініп қойған. Сәуір айының басында асфальт шығаратын зауыттар іске қосылған бойда «Жетысу Роудс Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысқа кіріседі. Осы жылдың соңына дейін көшеге асфальт төселіп, жаяу жүргіншілерге арналған жол да салынады,  – деді ол.

Ендігі мәселе – қызыл сызықта орналасқан заңсыз кәсіпкерлік нысандарда. Бұл түйткіл бұған дейін де жолыққан еді. Себебі базардағы Гаухар Ана мен Біржан сал (арбат) көшелері жасалғанда да жабайы саудамен күрес жүрген болатын. Ернат Дүйсенбекұлының айтуынша, көше бойындағы қызыл сызықта тұрған заңсыз контейнерлер мен сауда нүктелерінен арылу керек. Егер кәсіпкерлер өз еркімен босатпаса, мәселе сот арқылы шешіледі. Қазіргі уақытта сәулет бөлімінің мамандары бұл іс бойынша тиісті құжаттарды дайындауда. Әбдіқадір Дайыров көшесі көтерме сауда аймағы болғандықтан, мұндағы көлік қозғалысы қайта реттеледі.

Ең алдымен арық жүйесін реттеу қажет. Өйткені, оның басым бөлігі бітелген. Жаяу жүргінші жолы мүлдем жоқ. Саудагерлер арықты басып, көшеге дейін шығып кеткен. Жақын арада көтерме сауда орындарының иелерімен кездесіп, ақылдасамыз. Келешекте  жүк көліктеріне тек түнгі уақытта тауар тасып, ал күндіз жаяу жүргіншілер ғана қатынайтындай ету жоспарда бар. Тұрғындарға арналған скамейкалар қойылып, жайлы аймаққа айналдыру мүмкіндігі қарастырылуда, – деді қала әкімі.

Әбдіқадір Дайыров көшесі жайлы taldykorganec.insta_ парақшасында жарияланған жазбаны оқырмандар әлі де талқылауда. Бұл жаңалық тұрғындардың жаппай қолдауына ие болды. Желі қолданушылары қала әкімі Ернат Бәзілдің нақты іске көшкенін жоғары бағалап, оны берген уәдесін орындайтын басшы ретінде сипаттауда.

Мәселен, желі қолданушысы zhuzim.abdrakhman өз ризашылығын былайша білдірді:

Есімде болғалы Дайыров көшесіне ешқашан асфальт төселген емес. Қыста үнемі көктайғақ, ал көктем мен күзде батпақтан жүру мүмкін болмайтын. Осы көшенің ақыры асфальтталатынын естігенде, қатты қуандым. Себебі бұл жолмен Жетісу тұрғындары өте көп жүреді. Өз атымнан әкімімізге үлкен алғыс айтқым келеді. Ернат Бәзіл бәрін нақты әрі түсінікті етіп жеткізді. Мәселенің әр жағына үңіліп, тұрғындардың да, кәсіпкерлердің де жағдайын бірдей ойлайды екен.

Сонымен қатар, тұрғындар жол жөнделгеннен кейін бұл аймақты «арбат» стилінде жаяу жүргіншілерге де, көліктерге де ыңғайлы етіп жасауды, сондай-ақ жүк көліктерінің қозғалысын арнайы кестемен реттеп, тәртіп орнатуды ұсынып жатыр. Көпшіліктің ортақ тілегі – бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалып, Дайыров көшесінің қаланың ең заманауи және берекелі сауда орталығына айналуы.

Әкімнің жеке бақылауымен сәуірде басталатын жұмыстар Әбдіқадір Дайыров көшесінің жаңа келбетін қалыптастырып, халықтың билікке деген сенімін нығайта түспек.

Арайлым Абылғазы
ЖУ 4-курс студенті

Қатысты жаңалықтар

«Дайыровтың дабыры»: Талдықорғандағы атышулы көше жөнделеді

«Дайыровтың дабыры»: Талдықорғандағы атышулы көше жөнделеді

24.02.2026
Жаңа Конституция өзегі – цифрлық қауіпсіздік

Жаңа Конституция өзегі – цифрлық қауіпсіздік

24.02.2026
Ет бағасы қанша болуы керек? Министр нақты сандарды жариялады

Ет бағасы қанша болуы керек? Министр нақты сандарды жариялады

24.02.2026
Көктұмалық ұстаздар жаңа Конституция жобасын талқылады

Көктұмалық ұстаздар жаңа Конституция жобасын талқылады

24.02.2026
Google Gemini енді ән жаза алады

Google Gemini енді ән жаза алады

24.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.