«Қазгидромет» синоптиктері 26, 27 және 28 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды, көп өңірде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек елдің оңтүстік облыстарында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде жауын-шашын мол түсіп, негізінен жаңбыр түрінде болады. Сонымен қатар жел күшейіп, көктайғақ құбылыстары байқалуы мүмкін.
Кезең соңында оңтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді. Түнде 10-17 градус аязға дейін, күндіз 2-10 градус аязға дейін суытуы ықтимал. Түркістан облысында түнгі уақытта 2-12 градус аяз, ал күндіз 2-7 градус жылы болады.
Синоптиктер республика бойынша тұман түсетінін де ескертті.





