Талдықорған: -2°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

03.03.2026
КҮЛТӨБЕ
Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Талдықорғанда Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесті. Сапар аясында өткен іс-шараларға «Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі» тақырыбы арқау болды. Жергілікті шаруалар, өндіріс қызметкерлері, белсенді жастар, мәслихат депутаттары және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен болған кездесулерде жаңа Конституция жобасының маңызды нормалары кеңінен талқыланды.

Сенат Төрағасы мәслихат депутаттарымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірдегі өкілдерімен жүздесуде 15 наурыз күні референдумда қазақстандықтар ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдайтынын атап өтті. Ол конституциялық реформа елдің орнықты дамуы, демократиялық қағидаттарды нығайту және саяси жүйені кешенді жаңғырту жолындағы стратегиялық әрі тарихи қадам екеніне баса мән берді. Сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістер Мемлекет басшысы бастамашы болған жаңғыртулардың дәйекті жалғасы екені айтылды. Палата Спикері бұл іргелі реформалар заманауи әрі тиімді мемлекеттік басқару үлгісін қалыптастыруға және билік институттарын жүйелі түрде трансформациялауға арналғанына да тоқталып өтті.

«Жаңа Конституция жобасына байланысты республикалық референдум – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елді ауқымды әрі жүйелі жаңғырту бағдарын іске асыру жолындағы тарихи кезең. Еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімдерді азаматтардың таңдауына сүйене отырып қабылдау демократия қағидаттарына адалдықтың айқын көрінісі екені анық. Конституциялық реформаның басым міндеті – Тәуелсіздікті нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Осыған байланысты жаңа Конституция жобасында заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ, елдің орнықты дамуына басымдық берілген», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы жаһандық сын-қатерлер мен халықаралық тұрақсыздық белең алған қазіргі кезеңде мемлекеттің құқықтық негіздерін жаңғыртудың маңызы арта түскеніне назар аударды. Мұндай қадам Қазақстанның әлемдік үрдістерге бейімделуіне және құқықтық жүйесін жүйелі түрде нығайтуына мүмкіндік береді.

Конституция жобасында елдің одан әрі дамуының негізгі бағдарлары да нақты айқындалған. Атап айтқанда, адам капиталын дамыту, мемлекеттілікті, Тәуелсіздік пен егемендікті нығайту, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау басты басымдық ретінде белгіленіп отыр.

«Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі оның адамға бағдарлануы екенін айрықша атап өткен жөн. Азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне назар аудару мемлекеттік саясаттың өзегіне айналып отыр. Ата Заң жобасында адам құқықтары декларативті ереже емес, маңызды қағидаттар және нақты міндеттер ретінде қарастырылған. Бұл – сапалы білімге қолжетімділік, тиімді денсаулық сақтау жүйесі, әлеуметтік қорғау және әр азаматтың өз әлеуетін іске асыруына мүмкіндік беру секілді бағыттарды қамтиды. Осы қағидаттарды жүзеге асыру барлық институттардың – Құрылтайдың, Үкіметтің, әкімдіктер мен мәслихаттардың, сондай-ақ, азаматтық қоғам өкілдерінің бірлескен күш-жігерін талап етеді. Мұндай қадамдар – ел игілігі жолындағы ортақ жауапкершіліктің жарқын көрінісі екені анық», – деді Палата Төрағасы.

Мәулен Әшімбаев Жетісу жастарымен кездесуде жас буынның реформаларды жүзеге асырудағы рөліне тоқталып, олардың белсенділігі мен конституциялық үдерістерге қатысуының маңызына назар аударды. Қолға алынған реформалардың нәтижелі іске асырылуы жас мамандардың кәсіби біліктілігімен тығыз байланысты. Осы орайда аналитиктердің жаңа буынын даярлау мақсатымен қолға алынған Сенат жанындағы Сарапшылар клубы мен Талдау мектебі жастар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие екенін де айта кеткен абзал.

Өңірге сапар аясында Сенат Төрағасы өндіріс орындарының жұмысшыларымен және аграрлық сала өкілдерімен де кездесті. «Хильниченко и К» шаруа қожалығында инклюзия, этносаралық келісім және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері сөз болды. Мәулен Әшімбаев өңірлердегі жасампаз бастамалар Әділетті Қазақстан тұжырымдамасын жүзеге асыруға, әлеуметтік әділдік пен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге тікелей ықпал ететінін атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуға үнемі баса мән беріп келеді. Елдің әл-ауқаты осы саладағы табыспен тығыз байланысты. Бұл бағыттағы ілгерілеу ауылдардың, өңірлердің, жалпы, тұтас елдің дамуына серпін береді. Бүгінде осы және басқа да салаларда жүйелі жаңғыртулар жүргізілуде. Ұсынылып отырған өзгерістер Қазақстанның тұрақты дамуына, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және бүгінгі әрі келер ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған. Жетісу облысы – еліміздің маңызды ауылшаруашылық, индустриялық, ғылыми және экономикалық орталықтарының бірі. Бүгінде өңірдегі кәсіпорындар осы игі дәстүрді жалғастырып, өсім мен инновацияның нақты драйверіне айналып отыр», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ Парламент депутаттары «Асар» спорттық-оңалту кешенінің инфрақұрылымымен және «ASMA Industrial ltd» өнеркәсіптік аккумуляторлар зауытының қызметімен танысты.

Сенаттың Баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

47 секундта үш гол салды

47 секундта үш гол салды

03.03.2026
Ақхалатты абзал жандарға алғыс

Ақхалатты абзал жандарға алғыс

03.03.2026
Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

03.03.2026
Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

03.03.2026
Жертөледен басталған жол

Жертөледен басталған жол

03.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.