Талдықорған: +13°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстанда сапасы бойынша сирек кездесетін антрацит көмірін өндіру басталады

5 наурыз 2026
КҮНДЕРЕК
Қазақстанда сапасы бойынша сирек кездесетін антрацит көмірін өндіру басталады

Фото: pixabay.com

WhatsAppTelegramFacebook

Қарағанды облысындағы Балқаш қаласына жақын маңда орналасқан Сарықұм кен орнында антрацит көмірін өндіру жоспарланып отыр. Аталған учаскедегі жұмыстарды жүзеге асыру және кейіннен салдарын жою жоспары жарияланды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарықұм көмірінің сапасы өте жоғары (антрацит маркасы) болғандықтан, негізгі тұтынушылар ретінде қара және түсті металлургия кәсіпорындары қарастырылған. Сондай-ақ аталған шикізат абсорбенттер, электродтар, электрокорунд пен микрофон ұнтағын өндіруге пайдаланылады. Ал антрацит маркасына сәйкес келмейтін, көрсеткіштері төменірек көмір көлемі Балқаш қаласы мен Ақтоғай ауданының іргелес ауылдарын жылумен қамтуға, яғни коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалады.

Антрацит – көмірдің ең жоғары сорты саналады. Ол өзінің жоғары калориялығымен және жылу беру қуатымен ерекшеленеді. Дегенмен аталған қазба байлық Қазақстанда аса көп таралмаған. Осыған дейін антрацит Павлодар облысындағы Жамантұз кен орнында өндірілген болатын, бірақ ондағы қор көлемі шектеулі еді. Әдетте антрацит терең қабаттарда орналасатындықтан, шахта әдісімен өндіріледі. Ал Сарықұмда көмірді ашық әдіспен алу көзделіп отыр, оның тиімділігін арттырмақ. Кен орнының болашағы мен өндіріс көлеміне тоқталсақ, 2025-2050 жылдар аралығында 20 млн тоннадан астам көмір өндіру жоспарланған. Жалпы қор көлемі 170 млн тоннадан асады. Өндіріс қуаттылығы жылына 10 мың тоннадан басталып, 2035 жылға қарай 1 млн тоннаға дейін жетеді. Жоба кемінде 25 жылға есептелген.

Сарықұм көмірінің орташа күлділігі 42% құрайды, бірақ оны байыту және концентрат форматына дейін өңдеу мүмкіндігі бар. Аталған қадам металлургия саласындағы импортқа тәуелділікті азайтуға септігін тигізеді. Мамандардың пікірінше, мұндай сирек кездесетін шикізатты игеру еліміздің экспорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, өңірдегі өндірістік орындарды отандық өніммен қамтамасыз етуге жол ашады. Жобаны іске асырушы «Alfa Plast» ЖШС дайындаған құжаттамаға сәйкес, 2050 жылға қарай белгіленген қор игерілген соң, разрезді консервациялау және жерді қалпына келтіру (рекультивация) жұмыстары жүргізіледі. Аталған шара экологиялық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған маңызды қадам. Жаңа өндіріс орнының ашылуы Балқаш өңірі мен Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін бермек.

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Бүгін, 12:38
Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Бүгін, 11:34
«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30
Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Қазақстан электрондық үкімет рейтингінде 16-орынға шықты

Бүгін, 09:24

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.