Талдықорған: +7°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Асыл ойдың жемісі

07.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ, САЯСАТ
Асыл ойдың жемісі
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздегі әрбір саяси қадам үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алдағы 15 наурыз бүкілхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданбақ. Ұрпағының болашағы жарқын болғанын қалайтын әрбір адам бұл күні референдумға жаппай қатысады деп сенеміз. Осы орайда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің басқарма төрағасы-ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Бөрібаевпен болған сұхбатты оқи отырыңыздар.

– Әлемдік саясат тоқырауға түскен тұста еліміздің референдум өткізуге деген талпынысына қандай баға берер едіңіз?

– Қоғамда «Конституцияны өзгерту бір адамға, билікке керек» деп ойлайтындар баршылық. Меніңше соңғы 5 жылдың ішінде орын алған оқиғаларға көз жүгіртсек көптеген нәрсені дұрыс бағамдауға болады. 2022 жылғы «қаралы қаңтардың» өзі 30 жылдың нәтижесі екенін түсіндік. Яғни, билікке деген халықтың сенімі жоқтығы анық көрінді. Міне, осының бәрін көрген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев іштей сараптама жасап, көршілес мемлекеттердегі бұлқыныстар мен толқуларды салмақтап, Әзірбайжан мен Өзбекстандағы билікке туыстарын қатыстырудың сырт көзге сөкеттігін байқаған соң мемлекеттің басты құжаты – Конституцияға өзгеріс енгізуге шешім шығарды деп ойлаймын. Ондай келеңсіздіктер өзімізде де орын алды. Алысқа бармай-ақ ақиқатын айтсақ, бұрынғы Президенттің отбасы мүшелері ең құзырлы жерлерге билік жүргізгені халықтың ашу-ызасын тудырды. Осының алдында 2022 жылы енгізілген өзгерістерде ең алдымен Конституция арқылы өзіне шектеу қойып тастады. Сөйтіп, 7 жылдық мерзім бекітілді. Сол арқылы: «Болды, менің туыстарым билікке араласпайды» – дегенді айтып, бірінші Президенттің есімін көп жерлерден алып тастады. Яғни, сол арқылы ел ішіндегі тіксінуді тоқтатып, халықтың өкпе-назын таратты деуге болады. Сондықтан Конституцияға тағы да өзгеріс енгізудің уақыты келді деп ойлаймын. Қазіргі әлемдік геосаяси ахуал ушыққан тұста әрбір қадам заңдық деңгейде жасалуы тиіс. Ертең аяқастынан бір шешім қабылдау керек болғанда бюрократиялық әрекеттер кедергі келтірмеуі тиіс. Мысалы, қос палаталы Парламент енді Құрылтай деген атаумен шешім шығаруға кіріседі. Яғни бірінің дұрыс көргенін екіншісі жоққа шығаруы мүмкін Мәжіліс пен Сенатқа жұмсалатын уақытты ешкім кері қайтара алмайды. Сол себепті, алдағы референдумды өте дұрыс саяси-құқықтық қадам деп есептеймін. Ал ел ішінде жел сөзді суша сапырып, өзгерістерге қатысты теріс пікір айтып жүргендер негізінен енгізілетін баптарды мүлде оқымаған. Тіпті, таныспаған. Ұсыныстар жасауға берілген уақытты әлдебіреудің айтқан сөзіне алмастыра салуды қалай бағалауға болады, айтыңызшы?! Шыны керек, біздің билік Конституцияға енгізілетін өзгерістердің тиімділігін түсіндіру үшін жақсы жұмыс істеп жатыр. Республика деңгейінде штаб құрып, облыстық штабтарға түрлі тапсырмалар жүктеп жатқаны анық. Мәжілістің, Сенаттың басшылары мен депутаттар, Премьер-Министр, орынбасарлары, вице-министрлер күн сайын еліміздің әрбір өңіріне іссапармен барып, ауыл-ауылдағы жұртшылыққа түсіндірме жұмыстарын өткізуде. Сол арқылы өзгерістермен таныспаған халыққа мәселенің мәнін тікелей жеткізуде. Әлдебір әлеуметтік желіден әлдекімнің айтқан сөзіне ілесіп кеткеннен гөрі, осылай бетпе-бет кездесу арқылы ұғыну қазір бізге өте тиімді. Шыны керек, қазір мерзімді баспасөзді оқымайтын халық Egov.kz сайтына шыққан ресми мәтіннің өзімен де таныспаған. Бұрынырақта жасы үлкен кісілер газет алдырып, содан оқып жататын. Қазіргі кезеңнің өкілдері біле тұра ресми парақшаларды ысырып жіберіп, жеңіл-желпі өсек-аяңға, жылт етер жаңалыққа еріп кетеді. Осындай жаңа технологияның қызылды-жасылды жарнамасы жетелеген жайсыздықтар бар. Меніңше, мұндай аса жауапты кезеңнің өзі әрбір азаматтың тұлғалық қадір-қасиетін ашуы, қалыптастыруы керек еді. Бірақ бәрі керісінше болып отыр.
Шыны керек, Конституция адамның асыл ойының жемісі. Оны өзгерту, түзету, толықтыру уақыт талабынан туындайды. Яғни, мерзімі келген нәрсені түзетпеу артта қалуға апарады.

– Жаңа Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты қоғамда көптеген пікір айтылып, сантүрлі көзқарас шығып жатыр. Оның болғаны да дұрыс. «Шындық тартыста ашылады» деген. Осы өзгерістердің тиімділігін қалай салмақтайсыз?

– Конституцияға енгізілетін өзгерістер аз емес. Көп талқыға түскен өзгерістер Ата Заңның 84%-дан астамын қамтиды. Тұрғындар мен ұйымдардан 10 мыңға жуық ұсыныс-пікір түсті. Сондай ұсыныс берген адамның бірі мен. Кейін мәтінді қарап отырып, жоғары білімге қатысты бір ұсынысымның назарға алынғанын байқадым. Яғни, болашақта балалар білімсіз қалмасын деген оймен Egov.kz сайты арқылы ұсыныс жібергенмін. Сол қадамым құпталғаны қуантады.
Әрине, әр заңның болашақта кеңінен қолдау тапқаны керек. Қазіргі Конституцияға қарасақ, деклоративті сөзден гөрі нақты іске басымдық берілгенін байқаймыз. Мысалы, Парламенттің Құрылтай болғанынан ештеңе өзгермейді. Тек атауы болмаса. Ол біздің ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық алаңымыз, мінберіміз. Сондықтан түп-тамыры 10 мың жылға кететін тарихымызды қайта жаңғырту мемлекеттің басты құжатымен бекітілуі шынында үлкен жеңіс. Преамбуланың өзінде тарихи құндылықтарымызды ұстана отырып, білімге, ғылымға, инновацияға, мәдениетке ерекшелік берілетіні айтылады. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері, міне, 35 жылдан асты. Биыл желтоқсанда Тәуелсіздік декларациясына қол қойылғанына 35 жыл. Содан бері отандық ғылымды нақты бір жолға түсіре алмай келеміз. Білім, ғылым жоқ емес бар. Белгілі бір деңгейде дамып отыр. Сонда да болса дамыған мемлекеттердің арасында біліммен, ғылыммен, инновациямен мақтанатындай, көрсететіндей нәтиже жоққа тән. Сол себепті Конституцияға кіруі үлкен маңыз береді. Преамбулаға кірген білім, ғылым, инновация, мәдениет салаларын жандандыру үшін ертең арнайы бағдарлама қабылданады. Заң шығарылады. Сол арқылы әр ғалымның, әр білім алушының мойнына жауапкершілік жүктеліп, өнертапқыштық бағыттағы жұмыс еселене түседі. Міне, осы тұрғыдан алғанда нақты іске негізделген жаңа құжат қабылданады деп айта аламыз.

– Енді заң шығарушы орган – қос палаталы Парламент Құрылтай деп өзгеріп, бір палаталы болады. Осының өзі еліміздің тарихи тамырына қадам басқанын көрсетеді. Атауының өзгеруі Парламентке жаңашылдық бере ме?

– Әрине, береді. Бұрын әлдебір заңды бірінші Мәжіліс қарап, Сенаттың қарауына жіберетін. Екінші палата келіспейтін болса қайтадан бірінші палатаға қайтаратын. Ондайда әлгі заңды қабылдау, 3, 4, 6 айға, тіпті, 1 жылға дейін созылып кететін. Бұған дейін екеуін қосқанда барлығы 148 депутат сайлаудан озып шықса, енді 145 депутат партиялық жүйемен іріктеледі.
Шыны керек, осының өзі ел ішінде: «Неге мажоритарлық жүйе болмайды?» – деген сұрақты туындатып отыр. Бұл әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Еуропа елдерінде, АҚШ-та халық бір партияға сенім артады. Бізге жақын Түркияның өзінде бірнеше партия елдің сөзін сөйлейді. Сол арқылы әділ бәсекелестік қалыптасады. Біздің елімізде 6 партия жұмыс істейді. Болашақта біз осы партиялардың нәтижесін көре бастаймыз. Яғни, халық өзі таңдаған партияның мүшесіне айналады, қолдау танытады, дауыс береді.
Ең маңыздысы Құрылтай енді уақыттан ұтып, жылдам шешім қабылдай алады. Бұл қазіргідей дағдарыс кезінде өте керек қадам. Айналаға қарайықшы, Украина мен Ресей соғысы, Иранға бірлесе шабуылдаған АҚШ пен Израильдің әрекеті сынды жұртты алаңдататын тақырыптар күн тәртібінен түспей тұр. Осындай шақта кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Сондықтан Құрылтай тез шешім қабылдайтын органға айналады деп сенемін.

– Әділеттілік, Заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет Конституциялық деңгейде бекітіледі деп жатыр. Сол арқылы халықтың санасын жаңартуға, оятуға бола ма?

– Ел ішінде «қазақ десең өзіңе тиеді» деген сөз бар. Мынаған назар салайықшы, неге біз 35 жыл өткен соң ғана заң мен тәртіпті, мәдениетті Конституцияға кіргізіп отырмыз? Сонда: «Бұған дейін тәртіпсіз, мәдениетсіз болғанымыз ба? Бұрын неге үйретпеген?» – деген заңды сұрақ туындайды. Бұл халық пен биліктің арасындағы сенімнің жоқтығынан шығады. Соның кесірінен осындай саяси науқан кезінде көпшілік: «Ой, менсіз де шешіледі. Бәрібір біз үшін дауыс беріп тастайды» – деп жатады. Бұл нағыз салғырттық, немқұрайлық. Бұған дейін елімізде референдум атауы қолданыстан алынып тасталып, Конституцияға 1150 өзгеріс енгізілді. Өзгерістің бәрі Парламенттің төңірегінде жүрді. Парламент депутаттары қабылдап, Сенат депутаттары бекітіп отыратын. Енді 2019 жылдан бастап Президент болған Қасым-Жомарт Тоқаев бүкілхалықтық референдум өткізуді ортаға салып, мәселені елдің шешуіне ұсынды. Соның арқасында 2022 жылы 5 маусымда референдум өтіп, Конституцияның көптеген бабы өзгерді. Соған қарамастан әлі де сенімсіздік танытатын тұрғындар көп. Өйткені, алғашқы Президент өзінің құзіретін өсіре беріп, халықты сенімінен айырған еді. Тіпті, сайлаудың нәтижесінде бір партияның 100% дауыс жинауы елдің сана-сезімінде үйреншікті, қалыпты нәрсе ретінде қабылданды. Содан келіп тұрғындар заңға да, құқыққа да, тәртіпке де сенбейтін болған.
Енгізілгеніне биыл 2 жыл болатын Президенттің «Заң мен Тәртіп» қағидаты шынында қарапайым халықтың сенімін оятуға негізделіп отыр. Соған сәйкес «Е-өтініш» деген платформа жұмыс істеп, тұрғындардың шағымына назар аударыла бастады. Соның әсерімен прокуратура, полиция, сот секілді құзырлы органдар барынша әділетті жұмыс істеуге кіріскені рас. Әрбір шағымның дерегі толық тексеріліп, жауапты мамандар мәселені түсіндіре бастады.
Енді, мәдениетті алайық. Бұның ешқандай қатысы жоқ қой деуіңіз мүмкін. Бірақ тікелей қатысы бар. Бұрын адамдар таза табиғатқа шықса айналаны ластап, қоқысты қалай болса солай тастап кететін. Оны ешкім жауапқа тартпайтын. Экология, полиция қызметкерлері ондай бассыздықты сұраққа алып, айыппұл салдыруы тиіс еді. Олар да немкеттілікпен қарап, тұмса табиғатымыздың көркін қашырып алдық. Яғни, әрбір маман өзіне тиесілі аумақтың тазалығын сақтауды назардан тыс қалдырмаса тазалық біртіндеп қалыптасар еді. Енді барлық жерге бейнекамералар орнатылып жатыр. Тіпті, дронмен түсірілген деректер заңсыз әрекетке барғандарды әшкерелеп беруде. Осылайша қадағалау жалғаса берсе тұрғындардың ішінде азаматтық мәдениет қалыптасады. Көшеде түкіру, шылым шегу, ластау, қоқыс тастау секілді жаман әдеттер біртіндеп тыйылады.
Бұл әлемнің барлық еліне тән. Бейнекамера арқылы не істегеніңді біліп, масқараң шықпас үшін Вашингтонда, Бейжіңде, Мәскеуде, Парижде, Лондонда, Токиода, Сеулде, Стамбулда жіптіктей болып тартылып, қоқыс тастайтын орын іздеп кетесің. Өйткені, айыппұл үйіңе іздеп келеді. Таппай қоймайды. Амалдың жоқтығынан мәдениетті бола бастайсың. Сол арқылы енді қазақы жайбарақат мінезіміз, бейкүнә білместігіміз түзеледі. Табиғатқа, экологияға жанашырлықпен қарай бастаймыз. Себебі, Конституция арқылы тазалық сақтау қадағаланады.
Алматы мен Астананың өзін алсақ соңғы 20 жылдың ішінде қаншама жаңа үйлер салынды. Солардың орнындағы ағаштар сұрақсыз кесіліп, орнына бір шыбық өсірілмеді. Алпауыт құрылыс компаниялары жауапқа тартылғанымен айыппұлын төлеп, жазадан оңай құтылып кеткенін ел жақсы біледі. Алатаудың етегінде мыңдаған ағашты тамырымен жұлып, орнына коттеджді қалашық салып тастадық. Одан табиғатқа келген зиян, залал қанша? Құрылыс жүргізетін компанияларға кескен ағаштың орнына көшет отырғызу міндеттелді ме? Міне, осының бәрі заңның үстемдігі болмағандықтан орын алды. Жарайды, өткен өтті. Енді қабылданатын жаңа Конституция арқылы осындай талаптар қойыла бастайды. Қоршаған ортаға келген зардапты қалпына келтіру заңмен ғана жүзеге асады. Заң болмаса мәдениет те қалыптаспайды. Тәртіп те болмайды. Атқарушы билікке, сотқа, прокуратураға, полицияға деген сенімсіздік кең тарала береді.
Меніңше алдымыздағы 15 наурызда өтетін референдум еліміз үшін үлкен бір белестен өтудің, жаңа қадам жасаудың белгісі. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдалана отырып, әрбір азаматты референдумға қатысуға шақырамын. Ол үшін Конституцияға енгізілетін өзгерістермен толық танысып шықса өте жақсы болар еді. Осының бәрін ойластырған Президентіміз сырттан келген немесе өз мүддесін ойлаған адам емес. Үлкен дипломат, ғалым. Көптеген шетелдің тәжірибесіне қанық, мәдениетіне жетік. Біздің мәдениетіміз асқақ, құқығымыз қорғаулы, әлеуметтік мемлекетке айналсақ деген арманы бар. Сол мақсаттың жолында бірігу бізге міндет.

– Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Әңгімелескен: Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026
Апам ол кезде…

Апам ол кезде…

07.03.2026
Талабы таудай талант

Талабы таудай талант

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.