Талдықорған: +15°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ел өміріндегі маңызды сала

30 қаңтар 2025
РУХАНИЯТ
Ел өміріндегі маңызды сала
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы Салтанат сарайында Жетісу облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы өткен жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы және 2025 жылдың міндеттері туралы алқа мәжілісін өткізді. 


Облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов төрағалық еткен алқа отырысына аталған салаға жауапты аудан, қала әкімдерінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасарлары, басқармаға қарасты облыстық мекемелердің басшылары, аудандық, қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінің басшылары, өңірдегі мемлекеттік архив филиалдарының, аудандық, қалалық Мәдениет үйлерінің, кітапханалардың, музейлердің директорлары қатысы.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов былтыр мәдениет саласы жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті. Көптеген мерейтойлық мерекелер республикалық деңгейде ұйымдастырылғанын, соның ішінде  Ілияс Жансүгіровтің, Әбілхан Қастеевтің мерейтойы мен «Biken» екінші халықаралық фестивалі негізгі шаралардың бірі болғанын жеткізді.

– Биыл 2 халықаралық, 3 республикалық фестиваль мен байқаулар, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдығына республикалық ақындар айтысын өткізу және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мәдени шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. 10 Мәдениет нысанының жаңа құрылысына 4 млрд. 791 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде Ақсу ауданындағы Матай, Есеболатов, Арасан, Көксу ауданындағы Жарлыөзек, Алакөл ауданындағы Көлбай, Екпінді, Балапанов, Талдықорған қаласындағы Еркін  ауылының мәдениет үйі, Кербұлақ аудандық кітапханасы және  Алакөл ауданындағы Қазақстан ауылдық блокты-модульдік клубы бар. Сондай-ақ, биылғы жылға Панфилов ауданы Тұрпан ауылдық және Қаратал ауданы Көкпекті ауылдық Мәдениет үйлерінің күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 321 млн. 699 мың теңге және 17 блокты-модульдік клубтардың жаңа құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) дайындау үшін 145 млн. теңге қарастырылды, – деді ол.

Бүгінде құжаттар мен кітапхана қорларын цифрландыруға үлкен мән беріліп отырғанын басқарма басшысы атап өтті. Бұл мәселеде жеке кітапханалардың жұмысында кемшіліктер бар екенін, оларды жақын арада жою керектігін де сөз етті.

Әрі қарай Диас Рахметұлы облыстың барлық аудандары мен екі қаласы әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы қысқаша есептерді тыңдады. Әр баяндамашы мұқият тыңдалып, оларға сұрақтар қойылды.

Жиында Панфилов ауданына шетелдік туристерді тарту мәселесі көтерілді. Сонымен қатар «Тасбақа» тауының тағдырына байланысты сұрақ қойылды, онда ерте темір дәуірінің және басқа дәуірлердің көптеген петроглифтері табылғаны туралы сөз қозғалды. Қызылтастағы тауда алдағы уақытта еріктілер мен жастар ұйымдарын тарта отырып, көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланатыны айтылды.

Кездесу соңында Диас Есдәулетов кеңестің барлық қатысушыларына сәттілік тілеп, Жетісу өлкесінің мәдениеті мен өнерінің өркендеуі үшін жемісті жұмыс істеуге шақырды.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Танымның тұғыры, жаңа идеялардың құралы

Танымның тұғыры, жаңа идеялардың құралы

Бүгін, 12:45
«Әділет» партиясы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдайды

«Әділет» партиясы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдайды

Бүгін, 11:49
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы

Бүгін, 11:38
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Есмаханов Азиз Аблайұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Есмаханов Азиз Аблайұлы

Бүгін, 11:33
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына  кандидат Өмірбаев Мадияр Ааманкелдіұлы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Өмірбаев Мадияр Ааманкелдіұлы

Бүгін, 11:27

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.