Сарқан көпсалалы колледжінің «Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша)» мамандығының 3 курс студенттері, ағайынды Жарас, Жалғас Геннадий референдумда алғаш рет дауыс берді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
18 жасқа толған сарқандық егіздер ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын жеткізді.
Жас сайлаушылардың айтуынша, әр азаматтың дауысы – мемлекет болашағына қосылған үлес. Сондықтан олар референдумда өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділіктің үлгісін танытты.





