Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Президент қаржыны бақылауды күшейтуді талап етті

20 наурыз 2026
КҮЛТӨБЕ, КҮНДЕРЕК
Президент қаржыны бақылауды күшейтуді талап етті

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласын қаржыландыру жүйесіне қатаң ревизия жасап, қаражаттың жұмсалуында ашықтықты қамтамасыз етуді тапсырды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Соңғы 6 жыл ішінде елімізде ғылымды дамытуға бөлінетін бюджет көлемі айтарлықтай өсті. Қазіргі уақытта бұл мақсатқа жыл сайын 200 млрд теңгеден астам, яғни 500 млн доллардан асатын қаражат бағытталып отыр. Алайда, Президенттің пайымдауынша, мұндай қомақты инвестицияның нақты қайтарымы мен экономикаға тигізер пайдасы әзірге байқалмайды.

Бас прокуратура жүргізген тексеріс жұмыстары Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ғылым қорында көптеген қаржылық заңбұзушылықтардың орын алғанын анықтаған. Қасым-Жомарт Тоқаев грант алушыларды аккредиттеуден бастап, жобаларды қаржыландырудың соңғы кезеңіне дейінгі аралықта жүйелі кемшіліктер бар екенін қадап айтты.

«Ғылым мен жемқорлық бір-біріне кереғар құбылыс, екеуі қатар аталмауға тиіс. Мемлекет қаржысын жымқырғысы келетін кез келген әрекетке тосқауыл қоятын сүзгі не кедергі жоқ», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, қазіргі таңда ғылыми ортада «қаражатты қалайда игерсек болды» деген тиімсіз ұстаным қалыптасқан. Ғылыми жұмыстардың жаңашылдығы мен практикалық маңызына тиісті деңгейде көңіл бөлінбейді. Сонымен қатар сараптама кезеңінің тым ұзаққа созылуы инновациялық жобалардың дер кезінде жүзеге асуына кедергі келтіріп отыр.

Бұл мәселені шешу үшін Үкіметке шұғыл шаралар қабылдау жүктелді. Алдағы уақытта ғылымды қаржыландыру тек қағаз жүзіндегі есеп үшін емес, ел экономикасына нақты пайда әкелетін басым бағыттар бойынша жүргізілуі тиіс. Бұл қадамдар ғалымдардың жауапкершілігін арттырып, сапалы зерттеулердің көбеюіне жол ашады.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

Бүгін, 16:00
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Бүгін, 15:56
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Бүгін, 15:20
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

Бүгін, 14:30
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.