Талдықорған: +11°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісуда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында бір күнде сегіз бұлақтың көзі ашылды

23.03.2026
КҮЛТӨБЕ
Жетісуда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында бір күнде сегіз бұлақтың көзі ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Наурызнама онкүндігі аясындағы Тазару күніне орай Жетісу облысында бұлақ тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтіп, өңірдегі сегіз бұлақтың сөзі ашылды. Көксу ауданында өткен осындай акцияға облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көксу ауданы Бесқайнар ауылындағы бұлақ басына 200-ден астам адам жиналды. Олардың қатарында ауыл тұрғындары, колледж студенттері, өңірдегі су шаруашылығы мекемелерінің өкілдері бар.

Жиналғандарды Тазару күнімен құттықтаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев Наурыз мейрамы мәнінің адамның рухани тазаруымен асатасып жатқанын атап өтті:

– Соңғы жылдары «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында Мемлекет басшысының бастамасымен «Менің аулам – менің көшем – менің ауылым – менің елім» форматында жыл бойы қоршаған ортаны тазалау, ағаш егу, саябақтар мен скверлер салу, суару жүйелерін жақсарту мәселесіне өте үлкен мән беріліп келеді. Біз табиғаты таза, суы мөлдір, шөбі шұрайлы Жетісу жерін ұрпақтарымызға таза, құнарлы қалпында қалдыруымыз керек. Осындай мақсатта бүгінгі Тазару күнінде бұлақтың көзін тазалап, ағаш егеміз. Бұл экологияны жақсартып қана қоймай, адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартуға ықпал етеді, – деген Б. Исабаев барлық аудан орталықтарында саябақтар қайта жаңғырлытып, суару жүйелері жолға қойылатынын жеткізді, сондай-ақ бүгінгі шараға белсене қатысып отырған азаматтарға ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Көксу аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Сайлаубай Бәзілов, «Экологиялық еріктілер» ұйымының мүшесі Ұлан Уәлиев сөз алып, іс-шараның жас ұрпаққа тағылымы мол, табиғатқа жасалған үлкен қамқорлық екенін айтты.

Мұнан соң облыс басшысы ауыл тұрғындарымен бірге бұлақтың көзін ашып, жас көшеттер отырғызды.

Акцияға қатысушылардың бірі «Қазына» балабақшасының қызметкері Дәурен Райымбеков те пікірін білдірді:

– Балаларымызды тазалыққа бейімдесек, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға үйретсек, оны сөз жүзіндегі ақыл айту емес, өзіміз істеп үлгімізбен көрсетсек, бұл нәтижелі болады. Бүгінгі шара – соның бір айқын көрінісі. Бұлақ – халқымызда судың басы, тіршіліктің көзі. Сондықтан бұлақты ашу – көктемдегі өте маңызды іс, – деді ол.

Атап өтсек, осындай іс-шаралар Көксу ауданымен қатар Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал және Панфилов аудандарында өтіп, бір күнде жалпы саны сегіз бұлақтың көзі ашылды. Бұлақ маңын тазалау мен абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, бір бұлақта табиғи жер бетіне шығу көзі қалпына келтірілді. Бұл бастау көздердің суы ауыз су, емдік және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланылып, су ресурстары тапшылығы жағдайында сумен қамтамасыз етудің қосымша көзі ретінде қарастырылады.

Жалпы «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында облыс көлемінде «7 OZEN» экологиялық іс-шарасы 23 наурыздан бастап 2 мамырға дейін жалғасып, өңірдегі Қаратал, Көксу, Лепсі, Ақсу, Бүйен, Іле, Басқан өзендерінің жағалаулары және бұлақ көздері тазартылады.

Қатысты жаңалықтар

Қазақ киносында «bodyshaming» қалай көрініс тапты?

Қазақ киносында «bodyshaming» қалай көрініс тапты?

23.03.2026
Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

23.03.2026
Жетісудағы қытайлық зауытқа 264 миллион теңге айыппұл салынды

Жетісудағы қытайлық зауытқа 264 миллион теңге айыппұл салынды

23.03.2026
Қазақстанда Тазару күні өтті  

Қазақстанда Тазару күні өтті  

23.03.2026
Табиғатқа тағзым – ортақ міндет

Табиғатқа тағзым – ортақ міндет

23.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.