Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев альпинизм саласындағы аса үздік жетістіктері, елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
1. Альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, – делінген Президент қол қойған Жарлықта.





