Талдықорған: +21°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Заңсыз көші-қонға тосқауыл: 1,2 мың шетелдік елден шығарылады

30.03.2026
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Заңсыз көші-қонға тосқауыл: 1,2 мың шетелдік елден шығарылады

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасын реттеу мақсатында өткізілген «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Ресбуликалық деңгейдегі тексеріс нәтижесінде шетел азаматтары тарапынан жасалған 7 мыңнан астам құқық бұзушылық әшкереленді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 4,1 мың шетелдік елде болу қағидаларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, тағы 2,7 мың адам заңсыз еңбек қызметімен айналысқан. Тексеріс барысында тек сырттан келгендер емес, оларды қабылдаған отандастарымыздың да жауапсыздығы анықталды. Мәселен, 2,2 мың қазақстандық пен заңды тұлға шетелдік қонақтар туралы полицияға уақытылы хабар бермеген. Сондай-ақ 500-ден астам жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жазаланды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 200 млн теңгеден асып жығылды.

Заң талаптарын өрескел бұзған 1,5 мың шетел азаматының елде болу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар сот шешімімен 1,2 мың адамды елден шығару туралы қаулы қабылданды. Қазіргі таңда 121 шетелдік мәжбүрлі түрде депортацияланды, олардың арасында 8 адам деструктивті-радикалды ағым өкілі екені анықталған. Елден қуылғандардың барлығына алдағы 5-жыл бойы Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Жедел іс-шара аясында 24 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту және заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша 9 деректен тіркелсе, шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзуға қатысты 6 іс бар. Мамандардың талдауына сүйенсек, шетелдіктердің заң бұзуына көбіне жылдам пайда тапқысы келетін жергілікті азаматтардың өздері жағдай жасайды.

Шымкент қаласы мен Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында заңсыз жұмыс күшін пайдалану деректері жиі тіркелген. Алматы қаласы мен Маңғыстау, Түркістан өңірлерінде көрші мемлекеттерде қылмыс жасап, іздеуде жүрген 22 шетелдік қолға түсті. Тіпті, өңірлердің бірінде Қазақстан азаматының жалған құжаттар арқылы шетелдіктерді заңдастырмақ болған әрекеті әшкереленіп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Құқық қорғау органдары заңсыз көші-қонмен күрес жұмыстары жалғаса беретінін ескертеді. Заңсыз жұмыс күшін тартатын компаниялар үшін бұл тек айыппұл ғана емес, сонымен бірге инвесторлар мен серіктестер алдындағы беделге де нұқсан келтіретін үлкен тәуекел.

Қатысты жаңалықтар

Жер учаскелеріне қатысты үш қызмет онлайн форматқа көшті

Жер учаскелеріне қатысты үш қызмет онлайн форматқа көшті

30.03.2026
Күрделі жолдағы күрделі жұмыс

Күрделі жолдағы күрделі жұмыс

30.03.2026
Жасанды интеллект пен деректер экономикасына негізделген жаңа стратегия таныстырылды

Жасанды интеллект пен деректер экономикасына негізделген жаңа стратегия таныстырылды

30.03.2026
Жетісуда жұмысшылардың 193 млн теңгеден астам қарызы қайтарылды

Жетісуда жұмысшылардың 193 млн теңгеден астам қарызы қайтарылды

30.03.2026
Дзюдо: Данияр Шамшаев Еуропа кубогының алтынын иеленді

Дзюдо: Данияр Шамшаев Еуропа кубогының алтынын иеленді

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.