2025 жылғы 15 қыркүйекте «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар күшіне енуіне байланысты, жұмыс істеп тұрған пәтер иелерінің кооперативтері мен пәтер иелерінің тұтыну кооперативтері биыл 16 шілдеге дейін әділет органдарында қайта тіркелуі керек.
Пәтер иелерінің және пәтер иелерінің тұтыну кооперативтері басқарудың дербес нысандары мәртебесін жоғалтты. Енді олар бірнеше үйге қызмет көрсететін экономикалық құрылымдар және кондоминиум объектілерін басқару субъектілері.
«Жай серіктестік» кондоминиум объектісін басқару нысаны алынып тасталды. «Мүліктің меншік иелері бірлестігі» (ММИБ) және пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар саны отыз алтыдан аз болса, басқару субъектісін тартпай-ақ «Тікелей бірлесіп басқару» (ТББ) басқарудың екі нысаны ғана қалды. ТББ-да 36 пәтерден, тұрғын емес үй-жайлар асып кеткен жағдайда, пәтер иелері жиналыс хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару субъектісін тартуға міндетті. Бұл ретте, тікелей өз қызметін заңды тұлға ретінде тіркелмей жүзеге асырады. Ал мүліктің меншік иелерінің бірлестігі заңды тұлғалар болады және әділет органдарында міндетті тіркелуі тиіс.
Егер барлық жұмыс істеп тұрған пәтер иелерінің және пәтер иелерінің тұтыну кооперативі қайта тіркеу рәсімінен өтпеген жағдайда олар тұрғын үй инспекциясының өтініші бойынша сот актілері негізінде мәжбүрлеп таратылады.
ҚР Индустрия және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі №403 бұйрығымен пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің жаңа үлгілік Жарғысы бекітілді.
Алайда, пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативтерінің – Жарғылары үлгі болған соң қайта тіркеуге қажетті құжаттар тізімінен алынып тасталды.
Осыған байланысты, пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативтері қайта тіркеуге келесі құжаттар ұсынады:
– пәтер иелерінің кооперативі мен пәтер иелерінің тұтыну кооперативтеріне кіретін барлық көппәтерлі тұрғын үйдің пәтер иелерінің жиналыстарымен, әр үйдің тұрғын емес үй-жайларымен өкілдер беру туралы жиналыстарының хаттамалары;
– екі және одан да көп кондоминиум объектісінің пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналыстары өкілдік еткен өкілдерден тұратын ПМК, ПМТК қайта тіркеу жөніндегі бастамашыл топ отырысының хаттамасы;
– заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін 0,5 АЕК мөлшерінде тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын түбіртек.
Т. Базарбаева
Жетісу облысы әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу
және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы





