ҚР ҰҚК шекара қызметі Жетісу облыстық департаментінің Алакөл ауданындағы шекара басқармасында «Көктем – 2025» мерзімді әскери қызметшілерін запасқа шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.
Салтанатты шара барысында әскери қызметшілердің мінсіз тәртібі мен мемлекеттік шекараны күзетудегі қажырлы еңбегі ерекше атап өтілді. Басқарма басшылығы сарбаздарға алғыс айтып, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. Әскери борышын өтеген жастардың Отанға деген адалдығы мен шыңдалған ерік-жігері замандастарына үлгі болып қала бермек.
Шекара шебінде шыңдалған жауынгерлер запасқа шығу сәтінде өздерінің командирлеріне және бірге қызмет еткен қаруластарына ризашылықтарын жеткізді. Отан қорғау қасиетті міндет екенін түсінген жас буын ендігі кезекте ел дамуының әр саласында еңбек етуге дайын.
ҚР ҰҚК шекара қызметі Жетісу облыстық департаменті Алакөл аудандық шекара басқармасы «Арасан» шекара бөлімшесінде «Жас шекарашы» үйірмесіне арналған Ашық есік күні өтті.
Шара барысында оқушыларға шекара қызметінің ерекшеліктері таныстырылды. Сонымен қатар, балаларға әскери техника мен құрал-жабдықтар көрсетілді. Кездесу жастардың патриоттық тәрбиесін нығайтып, әскери мамандыққа қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Айдар ҚАЛИЕВ





