Талдықорған: +16°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауылдан күш аламын

05.04.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ауылдан күш аламын
WhatsAppTelegramFacebook

Жақында Бангкокта (Тайланд) өткен садақ атудан Азия кубогында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 қола медаль алды. Жетісулық мерген Ильфат Абдуллин команданың жетістігіне үлес қосқан спортшылардың бірі. Сәті түсіп, спортшымен тілдескен едік.

Біздің анықтама: 1998 жылы 9 қаңтарда Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Ильфат 7-сыныпқа дейін Қарабұлақ орта мектебінде, одан кейін Талдықорғандағы спорт мектеп-интернат-колледжінде білім алды. Ал жоғары оқуды Шымкент қаласындағы Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде оқыды. Алғашқы бапкері – Сергей Христич. Қазіргі жаттықтырушысы – Артем Кичкин.

– Ильфат, Азия кубогындағы жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Тайландта өткен жарыс жөнінде айтсақ…
– Біз үшін бұл үлкен тәжірибе болғандығы анық. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Ауа райы ылғалды әрі ыстық. Қарсыластарымыз мықты дайындықпен келген. Әр серия тартысты өрбіді. Әсіресе, Үндістанмен өткен финал өте қызық (5:4 есебімен жеңді). Кездесу барысында біздің команда есепте қалып қойғанымен, кейін таразы басын теңестіріп, соңғы ату барысында жеңісті жұлып алдық. Бастысы, біз есепке назар аудармай, тек өз жұмысымызды істедік. Әр жебені дәл тигізуге бар күшімізді салдық. Жеке өз өнеріме жүз пайыз қанағаттандым деп айта алмаймын. Алға қарай дамуға мүмкіндік бар. Өйткені кейбір тұста кемшіліктер мен қателіктер болды. Бірақ бұл одан әрі күшейе түсуге ынталандырды.
Дәл осылай Қазақстан құрамасы Азия кубогынан бір жарыста үш алтын алған емес. Тарихымызда тұңғыш рет. Қазақстан құрамасы Азия кубогынан соңғы рет 2022 жылы БАӘ болған жарыста алтын алып, одан кейін осы межеге жете алмай кеткен еді. Маусымды медальмен бастағанымызға қуаныштымын. Бұл мен үшін де, команда үшін де өте маңызды. Сенімділікті қалыптастыратындығы анық. Әрине, дәл осы жетістікпен тоқтап қалмаймыз, әлі де еңбектеніп, жақсы нәтиже көрсеткіміз келеді.
Алдағы жоспар – келесі жарыстарға дайындық. Бабымызды жақсартып, бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге тырысамыз. Қазір көңіл-күйіміз жақсы. Барша қолдау көрсеткендерге алғыс айтамын.

– Жекелей сында 2021 жылы Токио Олимпиадасында 9-орын (Қазақстан тарихындағы садақ атушылардың ең үздік нәтижесі), 2024 жылы Париж олимпиадасында 29-орын еншіледіңіз. Бұл көрсеткіштерден сабақ алғандығыңыз анық. Келесі Олимпиада жөніндегі ойыңыз қалай?
– Әрине, қатысқымыз келеді. Тек қатысып қоймай жақсы нәтиже көрсетсек дейміз. Әр жарыстан кейін бір ой түйіп қайтамыз. Соңынан қателікпен жұмыс істейміз. Келесі Олимпиадаға дейін уақыт бар. Ал оған дейін техниканы дұрыстап, психологиялық тұрғыдан дайындықты жетілдіре түсуіміз керек. Сол үшін де жаттығуды кейінге шегеріп көргеніміз жоқ. Бәрі уақытымен. Өзім қатысқан екі Олимпиада да тұрақтылық жетпегендей. Енді келесі Олимпиаданың жолдамасын алу үшін барымды саламын.

– Келесі меже Жапонияда болатын Азия ойындары екені белгілі. Дайындық қайда, қалай болады?
– Дайындықтың басым бөлігі өзіміздің жаттығу алаңымызда өтеді. Техникамызды шыңдап, өз-өзімізді эмоционалды түрде басқаруға тырысып жатырмыз. Осыған дейінгі екі Азия ойындарында қола медаль үшін сынға түсіп, жеңілдім. Осы жолы жүлде алу үшін барымды саламын. Кеткен есе, жіберген қателіктен қорытынды шығарғым келеді. Азия құрлығы садақ атудан өте мықты десем болады. Бәсекелестік күшті.

– Ішкі бәсекелестік қалай? Садақ атуға өздеріңізден кейін қызығатындардың қатары көбейгенін байқаймын.
– Иә, бұл ойыңызбен келісемін. Дәл қазір садақ ату спорты елімізде қарқынды дамып келе жатыр. Әсіресе, жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие. Бұл мені қуантады. Бәсеке болған жерде өсу болады. Ішкі чемпионаттың деңгейі кейінгі жылдары қатты өсті. Қатысушылар саны да көбейіп келеді. Босаңсымауға негізгі себептердің бірі осы. Үнемі дайындаламыз, өзімізді бір қалыпта ұстауға барынша тырысамыз. Ал өзімнен кейінгі інілерімнің нәтижесін үнемі бақылауда ұстаймын, керек жерінде барынша білгенімді айтамын.

– Жетісу өңіріндегі жаттығу базасы әлемдік деңгейдегі мергендермен бәсекелесуге қаншалықты мүмкіндік береді? Біз қай тұстан ұттық, қай жерде кем түсіп жатырмыз?
– Облысымызда орналасқан жаттығу базасы өте жақсы. Әлемдік деңгейдегі мергендермен сайысқа түсуге толық мүмкіндік береді. Ал жаттығу алаңынан қалған түгіміз жоқ. Тек спортшыларымызды техникалық жағынан ғана емес психологиялық тұрғыдан да дайындау қажет деп ойлаймын. Садақ атуға еліміз барынша көңіл бөліп жатыр.

– Жарыс кезіндегі соңғы жебе алдында пульс қаншаға дейін көтеріледі? Жүрек соғысын қалай басқарасыз?
– Жарыс басындағы толқыныспен салыстырғанда соңғы жебені атудағы жүрек қағысы жиірек болатын сияқты. Әдетте менде 120-130 болса, кейде 150-160-қа дейін көтеріледі. Мұны біз қалыпты деп есептейміз. Өйткені қорқыныш пен адреналин әсер етеді. Жүрек қағысын барынша бір қалыпта ұстау үшін терең демалып, еш жаққа назар аудармай, ойды тек нысанаға бағыттаймыз. Ал жүректің қағысын анықтайтын, денеміздегі жағдайды бақылап отыруға арналған арнайы құрылғыларды кеудемізге киеміз. Ол жаттығу барысында, жарыс кезінде көп көмектеседі.

– Қазіргі қолданып жүрген садағыңыздың техникалық сипаттамасы көңіліңізден шыға ма? Садақтың күші (lbs) қанша?
– Кореяда жасалған садақпен атамын. Материалы да, құрылымы да, сапасы да өзіме ұнайды. Ал күші шамамен 50 фунттан 55 фунтқа дейін.

– Есіңізде болса осыған дейін болған сұхбаттарымыздың бірінде Ескелді ауданындағы Жетісу ауылындағы әжеңіздің үйін айтып, ерекше тебіренген едіңіз. Ауылда жиі боласыз ба, сізге ұнайтын тұсы?
– Иә, есімде. Ол үй нағыз тыныштықтың, бойдағы шаршауды басып тынығудың, тамаша сезімдерге бөленудің мекені сияқты. Өйткені балалық шағым осы өңірде өтті. Мен ауылдан күш аламын. Ол жердегі табиғаттың кереметтігі, адамдардың қарапайымыдылығы бәрі-бәрі жігерлендіреді. Сондықтан қаланың у-шуынан, жарыстың дуынан шаршағанда бірден ауылға тартып тұрамын.
– Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен: Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

05.04.2026
Алаяқтарға аяушылық жоқ

Алаяқтарға аяушылық жоқ

05.04.2026
Есірткі сатып есірген

Есірткі сатып есірген

05.04.2026
Ауылдан күш аламын

Ауылдан күш аламын

05.04.2026
Тіл тазалығы – ортақ мәселе

Тіл тазалығы – ортақ мәселе

05.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.