Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында әлеуметтік сауда орындарының саны ұлғайтылды

22 қаңтар 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында әлеуметтік сауда орындарының саны ұлғайтылды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында әлеуметтік сауда орындарының саны 12-ге жеткізілмек. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында 7 стационарлық әлеуметтік нүкте, оның ішінде 5-уі әлеуметтік дүкен болса, қазір тұрғындарға ыңғайлы болу үшін тағы 5 көше сауда нысаны қосылып жатыр. Жетісу өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың екі тетігі бойынша 18 мың тоннадан астам өнім қоры бар. Оның 1485 тоннасы картоп. «Жетісу» ӘКК тауарлық интервенцияларды тұрақты негізде әлеуметтік пункттерінде келісім-шарт бойынша азық-түлік өнімдерін сатумен айналысады.

«Жетісу» ӘКК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл сайын көкөніс өнімдерінің, оның ішінде картоптың қорын қалыптастырады. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен келісім-шарт жасап, өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және өндіретін шаруашылық жүргізуші субъектілерді жеңілдікпен несиелеу бойынша жұмыс жүргізеді. Мәселен, 2023-2024 жылдарға арналған жоғарыда аталған тетіктерді жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 9 млрд. қаржы қарастырылды. Көрсетілген мерзімде бөлінген қаражатқа 31,2 мың тонна өнім жеткізуге келісім-шарт жасалды. Оның бүгінгі таңда 12,6 мың тоннасы сатылды. Қазіргі таңда қорда 18 мың тоннадан астам азық-түлік тауарлары бар. Атап айтар болсақ, әлеуметтік нан, І сортты ұн, қант, күріш, кеспе (макароны) күнбағыс майы, қарақұмық, тұз, тауық еті, жұмыртқа, сиыр еті, картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат.

– Картоп бағасының көтерілуіне байланысты осы кезеңде тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенция жүргізіп жатырмыз. Картоптың бағасы 180 теңгеден аспайды. Осы кезеңде Талдықорған қаласында әлеуметтік дүкендерді қосқанда 7 стационарлық әлеуметтік пунктіміз бар. Сонымен қатар, облыс әкімінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес әлеуметтік сауда орындарын көбейту бойынша жедел шаралар қолға алынды. Біз 5 сауда нүктесін ашып жатырмыз, соның ішінде 2-уі жұмыс жасап тұр. Әзірге бұл қосымша сауда орындары алдағы 2 айда тұрақты жұмыс істейді деп жоспарлап отырмыз, –  деді «Жетісу» ӘКК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Альмира Ибраимова.

Қала орталығындағы жаңа әлеуметтік сауда нүктесінің жұмысы жергілікті тұрғындардың ризашылығына бөленіп үлгерді. Талдықорған қаласының тұрғыны Эльмира Смағұлова әлеуметтік дүкеннің тұрақты тұтынушысы екенін жеткізді.

— Бүгін әлеуметтік сауда нүктесінде картоп 180 теңгеге алдым. Яғни 3 есеге арзан баға. Басқа азық-түлік өнімдері мен көкөністер де сатылуда. Сәбіз, «Бақанас» күрішінің дәмді сортын да сатып алдым. Бұл күріштің түрі базардан тым сирек кездестіреміз, – деді қала тұрғыны.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

 

«Жетісу» ӘКК АҚ әлеуметтік дүкендері мен сауда нүктелерінің ТІЗІМІ

№

Атауы

Мекен жайы

Жұмыс уақыты

1

№1 әлеуметтік дүкен

Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, Бесшатыр көшесі, 75

сейсенбі—сенбі

сағат 09:00-ден 18:00 дейін;

жексенбі ж/е дүйсенбі — демалыс

2

№2 әлеуметтік дүкен

Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, «Көктал» шағын ауданы, Амангелді көшесі, 47А

сейсенбі—сенбі

сағат 09:00-ден 18:00 дейін;

жексенбі ж/е дүйсенбі — демалыс

3

«Жарық» әлеуметтік дүкені

Талдықорған қаласы, «Самал» шағын ауданы, 43 үй

демалыс жоқ

 

сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін

4

 «Talmart» әлеуметтік дүкені

Талдықорған қаласы, «Қаратал» шағын ауданы, 7

демалыс жоқ

сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін

 

5

«Talmart» әлеуметтік дүкені

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 116

демалыс жоқ

сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін

6

 «Көк базар» сауда орталығындағы әлеуметтік сауда нүктесі

Талдықорған қаласы, Біржан сал көшесі, Гаухар ана көшесінің қиылысы

демалыс жоқ

сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін

7

Коммуналдық базардағы әлеуметтік сауда нүктесі

Талдықорған қаласы, Алдабергенов көшесі, Рақышев көшесінің қиылысы

сейсенбі—сенбі

сағат 10:00-ден 17:00 дейін;

жексенбі ж/е дүйсенбі — демалыс

 

Көшедегі сауда нүктелері

1

Қала орталығындағы әлеуметтік сауда нүктесі

 

(«Dynasty» дүкені мен  «Қарағаш» сауда орталығының маңы)

Талдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, Қабанбай батыр көшесімен қиылысы

сейсенбі—сенбі

сағат 10:00-ден 15:00 дейін;

жексенбі ж/е дүйсенбі — демалыс

2

«Береке» коттеджді қалашығының аумағындағы әлеуметтік сауда нүктесі («JLC» дүкенінің жанында)

Талдықорған қаласы, «Береке» коттеджді қалашығы №5 көше

сейсенбі—сенбі

сағат 10:00-ден 15:00 дейін;

жексенбі ж/е дүйсенбі — демалыс

Қатысты жаңалықтар

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00
Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Бүгін, 13:34

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.