Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Мемлекет басшысы Корея Республикасы президентінің арнаулы өкілін қабылдады

8 сәуір 2026
КҮЛТӨБЕ
Мемлекет басшысы Корея Республикасы президентінің арнаулы өкілін қабылдады

Ақорданың баспасөз қызметі

WhatsAppTelegramFacebook

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы президентінің арнаулы өкілі – президент әкімшілігінің басшысы Кан Хун Шикті қабылдады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Корея Республикасын Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде атап өтті. Ол екіжақты ықпалдастықтың қарқынды дамып келе жатқанына жоғары баға беріп, Астана кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ Президент Қазақстанның корей халқына және Корея Республикасының даму деңгейіне құрметпен қарайтынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кан Хун Шиктің арнаулы өкіл ретіндегі сапарының маңыздылығына тоқталып, Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мёңге ыстық лебізін жолдады.

«Сіздің сапарыңыз қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі нығайту тұрғысынан өте маңызды. Бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің ынтымақтастығы арта түсетініне сенімдімін», – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Кан Хун Шик қонақжайлық үшін алғыс айтып, Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өткен референдумның табысты өтуіне орай президент Ли Чжэ Мёңнің құттықтауын жеткізді.

Арнаулы өкіл Корея Республикасының сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды күшейтуге, сондай-ақ түрлі саладағы бірлескен жобаларды іске асыру арқылы өзара қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екенін мәлімдеді.

Кездесу барысында энергетика, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, сондай-ақ жаһандық нарықтағы қазіргі сын-қатерлер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында Кан Хун Шик Қазақстан Президентін Корея Республикасына ресми сапармен келуге және биыл қыркүйекте Сеулде өтетін «Корея – Орталық Азия» саммитіне қатысуға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған шақыруды қабыл алып, алдағы жоғары деңгейдегі келіссөздер екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға және «Орталық Азия – Корея Республикасы» форматындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Қатысты жаңалықтар

Кітап оқыңыз, құрбым!

Кітап оқыңыз, құрбым!

Бүгін, 12:30
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Дамудың басты бағдары

Бүгін, 12:00
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Ата Заң үстемдігі – әділетті қоғамның негізі

Бүгін, 11:37
Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның бағдары

Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның бағдары

Бүгін, 11:37
Жалындап өткен жыр ғұмыр

Жалындап өткен жыр ғұмыр

Бүгін, 11:29

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.