Талдықорған: +13°C
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қоғам тірегі – ардагерлер

08.04.2026
КҮНДЕРЕК
Қоғам тірегі – ардагерлер

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда ардагерлер ұйымының IX есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Онда ұйымның өткен кезеңдегі атқарған жұмыстары жан-жақты талданып, ардагерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы іс-шаралардың тиімділігі бағаланып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер мен жоспарлар айқындалды. Сонымен қатар, ұйымның облыстық филиалының басшылық құрамын қайта сайлау жүргізіліп, ардагерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмысын одан әрі күшейту жолдары қаралды. 

Конференцияға аудан, қала ардагерлер ұйымдарынан,  облыстық ардагерлер кеңесінен сайланған делегаттар, ардагерлер ұйымының Құрметті азаматтары және облыстық мекемелердің басшылары мен облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, облыстық мәслихаттың төрағасы        Гүлнәр Тойлыбаева қатысты.

Жиын тізгінін ұстаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт күн тәртібіне қойылған мәселелерге тоқталып, аталған ұйымның атқарған жұмысы жөнінде есеп берді.

– Облыстық ардагерлер ұйымында 2025 жылдың 1 қаңтарындағы есебі бойынша облыста 96 мыңнан астам зейнеткер бар болатын. Оның 4-еуі Отан соғысының ардагер болса бүгінде Ысқақ Құсайынов Әбілпейісұлы ағамыз ғана ортамызда. Қазіргі кезде облыстық ардагерлер ұйымы 8 аудандық, 2 қалалық және 567 бастауыш ұйымдарды өз қатарына біріктіріп отыр. Солардың ішінде соғыс жылдарында еңбек еткен 1292 тыл еңбеккері бар. Ардагерлер ұйымдарының негізгі қоғамдық қызметі Орталық кеңестің VIII съездің шешімдерін, яғни, зейнеткерлерді бастауыш ұйымдадың қатарына қосуға ерекше назар аударылып, оларды қоғамдық жұмыстарға қатысу белсенділігін арттырып, кеңестердің рөлі мен беделін жоғарылату және егде адамдардың тұрмыс жағдайын, оларға мәдени-тұрмыстық, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, жастарды аға ұрпақтың отаншылдық және еңбек даңқы дәстүрлерін үлгі ете отырып және қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталды, – деді.

Конференцияда ардагерлер ұйымының қызметі жүйелі түрде жолға қойылғаны, қаржылық тәртіптің сақталып, арнайы тексеру комиссиясының есебінде жан-жақты сараланып, нақты деректермен бекітілгені  жөнінде де сөз қозғалды.

– Ардагерлер кеңесінің негізгі қаржылық кіріс көзі облыстық ішкі саясат басқармасы жариялайтын мемлекеттік сатып алу конкурстары арқылы қалыптасып отыр. Нақтырақ айтқанда, «Жетісу облысының ардагерлерімен мәдени-көпшілік іс-шараларын жүргізу» бағыты бойынша бөлінген қаржы ұйым жұмысының негізгі тірегіне айналған. 2022-2025 жылдар аралығында кеңестің есепшотына жалпы сомасы 50 миллион 922 мың теңге түскен. Оның ішінде 2023 жылы 13 миллион 700 мың теңге, 2024 жылы 15 миллион теңге, ал 2025 жылы 22 миллион 222 мың теңге қаржы игерілген. Бөлінген қаражат ең алдымен аудандық және қалалық ардагерлер ұйымдарының мәдени-көпшілік іс-шараларын жоғары деңгейде өткізуіне бағытталған. Үш жыл ішінде бұл мақсатқа толық көлемде 50 миллион 922 мың теңге жұмсалып, жергілікті жерлерде жүйелі жұмыстар атқарылған. Сонымен қатар, ардагерлер арасында ұйымдастырылған түрлі байқаулар, мүшәйралар, батагөйлер сайысы мен спорттық жарыстардың облыстық финалдары өткізіліп, жеңімпаздар лайықты марапатталған. Аталған іс-шараларға 6 миллион 7 мың теңге жұмсалған, – дейді тексеру комиссиясының атқарған жұмыстары туралы баяндама жасаған Болат Тұрысбеков.

Күн тәртінбіде облыстық  ардагерлер ұйымының 2021-2025 жылдардағы атқарған жұмысының есебі, облыстық ардагерлер ұйымының тексеру комиссиясының есебі, облыстық ардагерлер кеңесі мен президиум мүшелерін сайлау, облыстық ардагерлер кеңесінің тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің  Орталық кеңесінің  кезекті XI сьезіне делегаттар сайлау мәселері қаралды. Конференция аясында шығарылған шешімге арнайы бекітілген комиссия мүшелері оң баға берді. Күн тәртібіне қойылған мәселеден тыс көпшіліктің дауыс беруі арқылы облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы болып – Ермек Келемсейіт қайта сайланды.

Жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов ардагерлердің істеп жатқан жұмыстарының бағаланатынын, ардагерлер ұйымына бөлінетін қаржының былтырдан бастап 25 миллионға ұлғайтылғанын айтты. Алдағы уақытта ардагерлерге деген қамқорлықтың жалғасатынын сөз етті.

– Ардагерлерге лайықты өмір сүру жағдайын жасау, олардың құқықтарын қорғау және жан-жақты қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Біздің өңірде ардагерлер кеңесіне ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, 2022-2024 жылдар аралығында 16 миллион теңге бөлінді. Бүгінде ардагерлерді әлеуметтік қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстар қарқынды жүргізілуде, төлемдер көлемі артып, медициналық қызметтерге қолжетімділік кеңеюде, сондай-ақ, санаторий-курорттық ем алу мүмкіндіктері ұлғайып келеді, – деді облыс әкімнің орынбасары.

Шара аясында облыс әкімінің Құрмет грамотасымен қоғам қайраткері Күләш Айтжанова мен қоғам қайраткері Оралбек Жақиянов, облыс әкімінің Алғыс хатымен Панфилов ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқтарбай Керімқұлов пен Алакөл ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы Сатай Бекболат марапатталды. Сонымен қатар облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасы облыстық әжелер алқасының төрайымы Дина Нұрғалиева мен  облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Мақсұт Қалажановқа, ал мәслихаттың Алғыс хаты облыстық білім беру саласы ардагерлерінің төрағасы Болат Тұрысбеков пен  Ақсу ауданының ардагерлер кеңесінің мүшесі  Бақыт Құрманғалиеваға табысталды.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Кенеден сақтаныңыз!

Кенеден сақтаныңыз!

08.04.2026
Қоғам тірегі – ардагерлер

Қоғам тірегі – ардагерлер

08.04.2026
Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

08.04.2026
Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаймақ

08.04.2026
Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

Қазақстанда фейк ақпарат үшін жаза жеңілдейді

08.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.