Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

8 сәуір 2026
ӘЛЕУМЕТ
Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына енді

world.uz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Insider Global Education Index рейтингінде 0,092 балл жинап, 18-орынға ие болды және тұрақты дамып келе жатқан әрі халықаралық деңгейде ықпалдасқан білім беру жүйелері бар елдер тобына енді.

Топ-20 ішіндегі бұл позиция саланың жүйелі трансформациясын және елдің жаһандық білім беру кеңістігіндегі ықпалының артып келе жатқанын көрсетеді. Қазақстан Польша (19-орын), БАӘ (20-орын), сондай-ақ Мексика, Бразилия және Оңтүстік Африка сияқты ірі экономикаларды басып озып, академиялық және ғылыми инфрақұрылымды белсенді дамытып жатқан Нидерланд (17-орын) пен Сауд Арабиясымен (16-орын) бір деңгейде бәсекелесуде.

Рейтинг көшін айқын басымдықпен АҚШ бастап тұр, одан кейін жаһандық білім беру және ғылыми күн тәртібін айқындайтын Ұлыбритания мен Қытай орналасқан. Алғашқы ондықта сондай-ақ Германия, Аустралия, Жапония және Оңтүстік Корея бар, бұл елдерде зерттеу университеттерінің шоғырлануы жоғары және ғылымға салынатын инвестиция көлемі айтарлықтай.

Рейтинг университеттердің QS Top 1000 тізіміндегі үлесі, олардың орташа позициялары және білім беруге бағытталған мемлекеттік инвестициялар деңгейі сияқты үш негізгі параметр негізінде қалыптасты. Бұл көрсеткіштер кадр даярлау сапасымен, ғылыми базамен және жоғары оқу орындарының халықаралық ықпалдасуымен тікелей байланысты.

Осы тұрғыда Қазақстан өзінің тұрақты даму моделін қалыптастырып келеді. Бүгінде елдің 10-нан астам университеті QS Top 1000 қатарына кіреді, олардың қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Satbayev University бар. 300-800 орындар аралығы жаһандық білім беру картасындағы позицияларды нығайтып, одан әрі ілгерілеуге негіз қалайды.

ЖІӨ-нің 3-4%-ы деңгейіндегі тұрақты мемлекеттік қаржыландыру жүйенің болжамдылығын қамтамасыз етіп, жоғары білім берудегі ауқымды реформаларды қолдайды. Сонымен қатар халықаралық серіктестіктер күшейіп, академиялық ұтқырлық кеңейіп, университеттер мен индустрия арасындағы байланыс нығайып келеді.

Қазіргі кезеңнің басты ерекшелігі – жаһандық рейтингтің «ортаңғы ядросы» аясындағы бәсекеге қабілеттіліктің артуы. Мұнда зерттеу сапасы, жаһандық ықпалдасу және университеттердің халықаралық ғылыми тізбектердің бір бөлігіне айналу қабілеті шешуші рөл атқарады.

Қазақстан берік институционалдық негіз қалыптастырып, академиялық беделін арттырып келеді және өңірдегі ең қарқынды дамып келе жатқан білім беру орталықтарының бірі ретінде орнығуда. Жаһандық таланттар үшін бәсеке күшейген жағдайда дәл осындай позициялар ұзақ мерзімді экономикалық өсім мен білімге негізделген экономикаға көшу үшін берік іргетас болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.