Жетісу облысы Ақсу ауданында әйелге көршісі күрекпен шабуыл жасаған. Оқиға 3 наурыз күні Сұйықсай ауылында болған.
Куәгерлердің айтуынша, жанжал тұрмыстық сипатта басталған. Ер адам әйелдің кәмелетке толмаған балаларына тіл тигізген. Әйел ескерту жасаған сәтте күдікті қолындағы күрекпен оған бірнеше рет соққы жасаған.
Ауыл тұрғындарының мәліметінше, соққы саны 40-қа жуық. Оқиғаны тоқтатуға мектеп жаттықтырушылары араласқан.
Жәбірленуші Ақсу аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, оған бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, басының ашық жарақаты, сол қолының сынуы, саусақтарының жыртылуы және басқа да жарақаттар диагнозы қойылған. Ол хирургия бөліміне жатқызылған. Белгілі болғандай, жәбірленуші акушер-гинеколог болып жұмыс істейді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дереккөз: Baq.kz





