2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат САТАНОВ ҚАНАТ НҮСІПЖАНҰЛЫ.
«Ауылдың өркендеуі – елдің өркендеуі,
халықтың әл-ауқаты – басты мақсат!»
Құрметті сайлаушылар!
«Ауыл – ұлтымыздың алтын бесігі, елдігіміздің тірегі. Ауылды дамыту – болашаққа жол ашу, ұрпақ алдындағы жауапкершілік».
Құрметті Жетісу және Жалғызағаш ауылдық округтерінің тұрғындары!
Ауылдың өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын арттыру – баршамызға ортақ міндет. Өйткені «Ауылдың болашағы – бірлік пен еңбекте, береке – ынтымақта».
Мен, Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы, еңбек жолымды қарапайым жұмысшыдан бастап, ауыл шаруашылығы саласында тәжірибе жинақтадым. Ескелді аудандық мәслихатының VII және VIII
шақырылымдарының депутаты, қазіргі уақытта аудандық мәслихаттың төрағасы ретінде ел игілігі үшін қызмет етіп келемін.
Өмірлік тәжірибем халықтың талап-тілегін тыңдап, өзекті мәселелерді шешуге жауапкершілікпен қарауды үйретті. «Халықтың сенімі – үлкен аманат, оны ақтау – басты міндет».
Мақсатым –ауылдық округтерінің дамуына ықпал етіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және ауылдың болашағына бағытталған бастамаларды қолдау.
Құрметпен Сатанов Қанат
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
2029 жылға дейін Мелькомбинат ауылындағы Қошқарбаев көшесінің (1,5 км) және Бақтыбай ауылындағы Рысқұлов көшесінің (0,9 км) автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін. Жетісу ауылындағы Кареке көшесінің 0,8 км автожолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін
2. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Жалғызағаш ауылында 24,1 км, Жаңалық ауылында 8,9 км ауыз су желілерін салу және қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтауға, тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуге ықпал етемін. Алмалы ауылында 9,5 шақырым электр желілерін салу жұмыстарын толық аяқтауға, тұрғындарды тұрақты әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге ықпал етемін. Жалғызағаш ауылында 34,5 км, Қайнарлы ауылында 28,5 км, Көкжазық ауылында 8,9 км және Бақтыбай ауылында 27 км газ құбырларын тарту және газ тарату желілерін салу жұмыстарын жүзеге асыруға ықпал етемін.
3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІ
Алдағы 5 жылда Ескелді ауданында жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту мақсатында кемінде 63 жобаға микрокредит беруге қол жеткізуге ықпал етемін.
4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Алдағы 5 жылда Ескелді ауданындағы суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын енгізу көлемін 19,2 мың гектарға дейін жеткізуге ықпал етемін. Су ресурстарын тиімді пайдалану және шаруалардың су шығынын азайтуға бағытталған жобаларды қолдаймын.
5. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАР ТАБЫСЫ
Алдағы 5 жылда Ескелді ауданында жұмыспен қамтудың белсенді шаралары арқылы жыл сайын кемінде 200 адамды, жалпы 1000 адамды жұмыспен қамтуға ықпал етемін. Тұрақты жұмыс орындарын ашу және жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығына тарту бағытындағы жобаларды қолдаймын.
6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Орқұсак, Ақтасты ауылдарында және Қарабұлақ ауылындағы Мелькомбинат аумағында 3 блокты-модульдік медициналық кешен орнатуға ықпал етемін.
7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА
Жаңалық ауылындағы орта мектеп пен Ешкіөлмес ауылындағы мектеп құрылысын жүзеге асыруға ықпал етемін.
8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Алдағы 5 жыл ішінде Ескелді ауданында барлық қаржыландыру көздері есебінен жыл сайын кемінде 16,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге бағытталған жобалардың жүзеге асуына ықпал етемін. Алдағы 5 жылда Ескелді ауданындағы Отбасын қолдау орталығының жыл сайын 2 қызметкерін, жалпы 10 маманды біліктілікті арттыру курстарынан өткізуге ықпал етемін.
9. ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ МІНДЕТ
Ескелді ауданындағы кемінде 1 табиғи нысанды абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу, көгалдандыру және туристерге қолайлы жағдай жасау жұмыстарын жүзеге асыруға ықпал етемін.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Жетісу облысының дамуы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әрбір ауылдың көркеюі, әрбір отбасының әл-ауқатының артуы, балаларымыздың сапалы білім алуы және жастарымыздың туған жерінде табысты еңбек етуі – ортақ мақсатымыз. Мен алдағы уақытта да өз тәжірибем мен білімімді ел игілігіне жұмсап, тұрғындардың талап-тілектерін назарда ұстауға, өңіріміздің өзекті мәселелерін көтеруге және олардың заң аясында шешілуіне ықпал етуге дайынмын. Бәрін бір күнде өзгерту мүмкін емес. Алайда бірлікпен, жүйелі жұмыспен және жауапкершілікпен маңызды нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Жетісуымыз гүлденіп, ауылдарымыз көркейіп, халқымыздың әл-ауқаты арта берсін!
Халық сенімі – үлкен жауапкершілік. Ел игілігі үшін еңбек ету – басты міндетім!
«ӘДІЛЕТ» партиясымен бірге – әділдікке, дамуға және жарқын болашаққа!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Өлкеміздің ең басты байлығы – оның еңбекқор, жауапкершілігі мол, туған жерін сүйетін адамдары.
Әрбір тұрғын әділ қарым-қатынасқа, лайықты өмір сүру жағдайына және жарқын болашаққа сеніммен қарауға лайық. Сапалы жолдар, таза ауызсу, қолжетімді медицина мен білім, жаңа жұмыс орындары және жастарға арналған мүмкіндіктер құр уәде болып қалмай, нақты нәтижеге айналуы тиіс.
«ӘДІЛЕТ» партиясынан № 3 бірмандатты сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ретінде менің басты мақсатым – тұрғындардың мүддесін қорғау, өзекті мәселелерді көтеру және оларды депутаттық өкілеттіктер аясында кезең-кезеңімен шешуге ықпал ету.
Менің жұмысым әділдік, ашықтық, заңдылық және жауапкершілік қағидаттарына негізделеді. Әрбір адамның, әрбір отбасының және әрбір елді мекеннің мәселесіне назар аудару – дамудың негізгі бастауы деп білемін.
Бірлесе отырып, өмір сүруге, еңбек етуге, бала тәрбиелеуге және болашақ құруға қолайлы округ қалыптастыра аламыз!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әр адамға – әділдік. Барлық тұрғындар мен елді мекендерге тең көңіл бөлу, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал ету.
Нақты істер арқылы даму. Жолдарды жөндеу, ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін жүйелі түрде көтеру.
Еңбек адамына қолдау. Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, фермерлер мен өз ісін бастауға ниетті азаматтардың бастамаларын қолдауға ықпал ету.
Жастарға – жарқын болашақ. Сапалы білім алуға, кәсіби дамуға, жұмыспен қамтылуға және туған жерде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасауға атсалысу.
Ашықтық пен жауапкершілік. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарды тұрақты хабардар ету.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Тапсырыс беруші: Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы
Ескелді аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді







