Қазақстанда 6-30 сәуір аралығында борышкерлердің жалақы, зейнетақы, алимент және әлеуметтік төлемдер түсетін шоттарындағы бұғатты шешу акциясы басталды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Министрліктің мәліметінше, акция аясында жалақы, алимент, зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы түсетін шоттардағы бұғаттар уақытша алынады.
Шектеуді алып тастау үшін азаматтар Adilet.gov мобильді қосымшасы арқылы жеке сот орындаушысына өтініш беруі қажет. Ол үшін тиісті құжаттар ұсынылуы тиіс:
– жұмыс орнынан жалақы шоты туралы анықтама;
– зейнетақы шоты екенін растайтын Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының анықтамасы.
Ведомство өкілдері бұғаттың алынуы қарыздан толық босату емес екенін ескертті. Яғни, берешек пен айыппұлдарды өтеу міндеті сақталады.
Айта кетейік, соңғы күндері әлеуметтік желілерде қазақстандықтар банк шоттарының жаппай бұғатталуына шағымданған еді. Қаржы министрлігі бұл жағдайды мемлекеттік кірістер комитетіндегі автоматтандыру жүйесін енгізу кезінде кеткен техникалық ақаумен түсіндірді.





