«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 20 қаңтар сағат 20:00-ден 23 қаңтар сағат 20:00-ге дейін Жетісу облысында қолайсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады.
Хабарламаға байланысты Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту жариялады. Мамандардың мәліметі бойынша, 21 қаңтарда Жетісу облысының батысында көктайғақ, солтүстікте, орталықта, тау өңірлерінде және Талдықорған қаласында түнде тұман түседі. Ал, облыстың оңтүстік-батысында жел соғады, шығысындағы желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Аймақта 22-23 қаңтар күндері облыстың шығысында, орталықта және тау өңірлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және бұрқасын болады. Солтүстігіндегі соққан желдің жылдамдығы 15-28 м/с, жетсе, Алакөл аймағында 30 м/с және одан жоғары болды. Сонымен бірге 23 қаңтарда ауа температурасы күрт төмендеп түнде -10…-25 °C аяз болмақ. Осы уақыт ішінде облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қонақтарды сақтық шараларын сақтауға және қажетті жағдайда 112 нөміріне хабарласуға шақырады.
Фото: aikyn.kz





