Қытайдың Макао қаласында өткен «Weibo Cultural Exchange Night 2026» салтанатты кешінде Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетіп, кезекті биікті бағындырды. Әнші фестиваль аясында «Fire» композициясын орындап, қытайлық тыңдармандардың ерекше ықыласына бөленді.
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Салтанатты шара қорытындысында Димаш Құдайбергенге Weibo Macau China тарапынан «Халықаралық мәдени алмасуға қосқан жылдық үлесі үшін» марапаты табысталды. Фестивальдің Қызыл кілемінде көпшіліктің ыстық ілтипатына ие болған әнші Макаоның «МайМай» тұмарымен бірге мәдениет пен туризм арасындағы тығыз байланысты бейнелейтін көркем көрініс қалыптастырды. Аталған марапат өнерпаздың әлемдік деңгейдегі мәдениет елшісі ретіндегі беделін тағы бір мәрте айшықтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram





