Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстандықтар зейнетақы шоттарындағы қаражаттың азаюына алаңдаулы

14 сәуір 2026
КҮНДЕРЕК
Қазақстандықтар зейнетақы шоттарындағы қаражаттың азаюына алаңдаулы

stan.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының қысқарғанын айтып, алаңдаушылық білдіруде. Қолданушылар жариялаған мәліметтерге сүйенсек, шоттарға тұрақты түрде міндетті жарналар түсіп отырғанына қарамастан, жалпы жинақ көлемі төмендеген, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

Желі пайдаланушыларының бірі 2026 жылдың ақпанынан сәуіріне дейінгі аралықтағы көрсеткіштерді салыстырып, осы кезеңде шоттағы қаражат шамамен 40 мың теңгеге азайғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл уақыт ішінде аударымдар үздіксіз жүргізілген.

Тағы бір азамат бірнеше күн ішінде жинағы 50 мың теңгеге кемігенін жеткізсе, өзге қолданушылар бірнеше ай ішінде 250 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі аралықта төмендеу болғанын атап өткен. Олар қаражаттың себепсіз қысқаруына қатысты түсініктеме сұрап, бұл жағдайдың мән-жайын білгісі келетінін жазған.

Аталған мәселеге байланысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры түсініктеме берді. Қордың мәліметінше, зейнетақы жинақтарының көлемі инвестициялық табысқа тікелей байланысты. Ал инвестициялық кіріс қаржы нарығындағы жағдайға қарай өзгеріп отырады, яғни белгілі бір кезеңдерде өсім де, төмендеу де болуы ықтимал.

Мамандардың айтуынша, мұндай қысқа мерзімді ауытқулар қалыпты құбылыс саналады. Себебі зейнетақы активтері ұзақ мерзімге бағытталған инвестиция ретінде қарастырылады. Сондықтан олардың тиімділігін бағалау кезінде қысқа кезеңдерге емес, ұзақ уақыт аралығына назар аудару ұсынылады.

Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай зейнетақы жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар өзгерістер қарастырылып жатқанын хабарлаған болатын. Соның бірі – зейнетақы аннуитеті. Бұл тәсіл арқылы азаматтар өз жинақтарының белгілі бір бөлігін сақтандыру ұйымына аударып, өмір бойына тұрақты төлем алу мүмкіндігіне ие болады.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 20:06
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Бүгін, 19:43
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Бүгін, 19:39
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Бүгін, 17:50
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Бүгін, 17:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.