Талдықорғанда жол жөндеу жұмыстары басталды. Биыл қала бойынша шамамен 70 шақырым жол (118 көше) жөнделеді. Нақтыласқа, 30,2 шақырым жолға орташа және 17 мың шақырымға ағымыдағы жөндеу жұмыстары жасалады.
Бүгінде жол жөндейтін мердігер ұйымдар анықталып, Ескелді би, Нұрсұлтан Назарбаев, Абай, Шевченко және Желтоқсан көшелерінде жұмыс басталды. Осыған орай көшелердегі көлік қозғалысы кезең-кезеңімен уақытша шектеліп, жабылды.
– Сәуірден бастап қала көшелерінде жол жамылғысын ағымдағы (шұңқырларды жөндеу) жөндеу жұмыстары басталды. Аталған жұмыстар аясында жол жабыны деңгейіне сәйкестендіру мақсатында бақылау люктерін көтеру де қарастырылған. Бұл шаралар көше-жол инфрақұрылымының сапасын арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан туындайтын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілері мен қозғалысты ұйымдастыру сызбаларының талаптарын сақтауды сұраймыз. Жүргізіліп жатқан жұмыстар Талдықорған қаласының көше-жол желісінің сапасын арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, – дейді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Олжас Құрмашев.
Дәл қазір «Ақтоған» ЖШС, «Жетісу Роудс Инжиниринг» ЖШС жолды жөндеуге кірісіп кетті. Ал ертеңнен бастап «Prof-Pacade» ЖШС жұмысқа шығады.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





