Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ауыл жұртының айрықша қуанышы

16 қаңтар 2025
КҮНДЕРЕК
Ауыл жұртының айрықша қуанышы
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған іргесіндегі Алдаберген ауылында бұл күнге дейін орталықтандырылған ауызсу жүйесі болмаған. Тұрғындар  тіршілік нәрін аулаларындағы құдықтан алып келген еді. Қазіргі уақытта ауылдағы 350 отбасы жаңа су құбырына қосылса, қалған 495 шаңырақ үйлеріне су кіргізудің әрекетімен жүр.

Алдаберген елді мекенінде 3810 адам тұрады. Халық орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылып, үйлеріне су кіргізгенге қуанышты. Оның бірі – Зинаида Арғынбаева. Кейуана қаншама жылдан бері тіршілік нәрін есік алдындағы құдықтан басып шығарып, тасып келген. Қыс болса ол құдық та қатып қалатын көрінеді.  Енді қиыншылықтың бәрі артта қалды.

– Міне, ыстық, суық суға да қолымыз емін-еркін жетіп отыр. Суды даладан немерем екеуміз таситынбыз. Ол машақаттан да құтылдық. Осы ізгі істің басы-қасында жүрген азматтарға айтар алғысым шексіз. Ең бірінші еліміз тыныш болсын, – дейді Зинаида Арғынбаева.

Алдаберген ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту үшін республикалық бюджеттен 791,2 млн. теңге бөлінген. Оның 721,7 млн. теңгесі игеріліп, бүгінгі таңда 29 шақырым су құбыры тартылды. Сондай-ақ, өткен жылдың қыркүйегінде облыстық мәслихат сессиясында құрылыс насанын аяқтауға 69,5 млн. теңге бөлінді. Бүгінде  асфальт төселіп, орталық су мұнарасын абаттандыру  жұмыстары жүргізілуде.

– Қазіргі таңда облыс бойынша 358 елді мекеннің 327-сі су құбыры жүйелерімен орталықтандырылған. Оның 24-і ауызсу жүйесімен орталықтандырылмаған, жетеуі тасымалданатын сумен қамтамасыз етіліп отыр. Биыл 21 нысанның құрылысы мен қайта жаңартылуын аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде, жыл соңына дейін 267 шақырым  желі салынып, орталықтандырылған су жүйесіне  Алакөл ауданының Қоңыр ауылы, Қаратал ауданының  Ұмтыл ауылы және Ақсу ауданының Қопа ауылы, Панфилов ауданының Жиделі ауылы қосылады, – дейді энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Азамат Бейсбаев.

Айта кетейік, 2025 жылы ауызсудың сапасын жақсарту үшін 26,6 млрд. теңгеге 20 жоба әзірленген. Оны нақтылауға бюджеттік өтінім ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсынылып отыр. Жобаларды іске асыру нәтижесінде өңірдің 20 елді мекенінде  630 шақырым сумен жабдықтау желілері қайта жаңартылатын болады.

Медет ЖҰМАБАЙ
Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Қатысты жаңалықтар

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00
Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Бүгін, 13:34

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.