Жетісу гарнизонына қарасты 54380 әскери бөлімінің базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскері байланыс әскерлерінің әскери бөлім командирлері мен байланыс бастықтарының оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара ҚР ҚК Құрлық әскері байланыс әскерлер бастығы полковник Руслан Божаковтың жетекшілігімен өтті. Жиынның негізгі мақсаты – байланыс әскерлері офицерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, заманауи байланыс құралдарын тиімді пайдалану дағдыларын жетілдіру және тәжірибе алмасу болды.
Жаттығу барысында қатысушылар әскери байланыс жүйелерінің жаңа үлгілерімен жұмыс істеу тәртібін меңгеріп, түрлі тактикалық жағдайларда байланыс орнату тәсілдерін пысықтады. Сонымен қатар офицерлер арасында өзара тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған практикалық сабақтар өткізілді.
Бағдарлама аясында қатысушылар теориялық білімдері бойынша тест тапсырып, практикалық жаттығулар орындады. Сондай-ақ олардың дене даярлығы да тексеріліп, әскери қызметшілердің жан-жақты дайындық деңгейіне баға берілді.
– Байланыссыз әскерді басқару мүмкін емес. Сондықтан мұндай оқу-жаттығу жиындары жеке құрамның кәсіби және жауынгерлік шеберлігін арттыруда ерекше рөл атқарады. Біз офицерлердің заманауи талаптарға сай дайын болуына баса назар аударамыз, – дейді Құрлық әскері байланыс әскерлер бастығы полковник Руслан Божаковтың.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар өз бөлімдерінде қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тәжірибелер мен дағдыларды меңгеріп қайтты.
Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі





