Талдықорған: +28°C
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Рухани кеңістіктегі Ілияс ізі

30.04.2026
КҮНДЕРЕК
Рухани кеңістіктегі Ілияс ізі
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған төрінде рухани мазмұны терең ғылыми басқосу өтті. «Ілияс тағылымы: тіл және таным» атты дөңгелек үстел ұлт әдебиетінің алып тұлғасы Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық мұрасын жаңа қырынан зерделеуге арналды. Әсіресе, ақынның «Құлагер», «Исатай-Махамбет» поэмаларының жазылғанына 90 жыл толуына орай өткізілген бұл жиынның мәні айрықша.

Тіл сарайында өткен басқосуға тілтанушы ғалымдар, әдебиет зерттеушілері, ұстаздар мен жас ізденушілер қатысып, Ілияс поэзиясының көркемдік болмысы мен танымдық тереңдігін жан-жақты талқылады.

Дөңгелек үстелдің модераторы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас директоры Анар Фазылжан өз сөзінде Ілияс Жансүгіров мұрасының бүгінгі ұлттық санадағы орнын айқындап, оның поэтикалық әлемі тек әдебиет емес, тіл мен танымның тұтас кеңістігі үшін құнды екенін атап өтті.

Жиында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін Ілияс Жансүгіровтің әдеби мұрасын ұлттық құндылықтар жүйесінде қарастыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша Ілияс поэзиясы – тек көркем шығарма емес, ұлттың рухани коды.

Арнайы басқосуда профессор Шара Әсетқызы «Мәлім және беймәлім Ілияс Жансүгіров» деген тақырыпта баяндама жасап, ақын шығармашылығындағы көп айтыла бермейтін қырларға тоқталды. Ол Ілиястың ұлттық дүниетанымды жаңғыртушы тұлға екенін нақты деректермен дәлелдеп берді.

Жалпы сол дәуірдегі ақын-жазушыларды алатын болсақ, көзі тірісінде ең көп зерттелген, газет беттерінде, басқа ғылыми еңбектерде жарияланған Ілиястың шығармалары деп айта аламыз. Біз оны көбіне эпик ақын, Құлагердің жыршысы ретінде танимыз. Бірақ оның ішкі әлеміне үңілген сайын мүлде басқа Ілияс ашылады. Ол заманның тамырын дөп басқан, қоғамдағы өзгерістерді іштен сезінген суреткер. Ілиястың кейбір өлеңдерінде адам жанының ең нәзік иірімдері жатыр. Біз оны көп жағдайда тарихи, әлеуметтік контекстпен ғана шектеп оқимыз. Ал шын мәнінде ішкі драматизмге толы, адам болмысының қайшылықтарын шынайы бейнелеген еді, – дейді Шара Әсетқызы.

Сонымен қатар, Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Жолдыбаев өңірдегі тіл саясаты мен әдеби мұраны насихаттау бағытындағы жұмыстарға тоқталып, Ілияс шығармашылығының қоғамдық маңызын айқындады.

Ал Талдықорған қаласындағы №15 орта мектептің мұғалімі, «Құлагер» әдеби клубының төрағасы Бірлікті Шабденов мектеп қабырғасында құрылған әдеби үйірменің маңызына тоқталып, жас ұрпақтың Ілияс мұрасымен сусындауы – рухани тәрбиенің өзегі екенін сөз етті.

№15 орта мектепте құрылған «Құлагер» әдеби клубы Ілияс ақынның, жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттауда 2017 жылдан бері қарқынды жұмыс жүргізіп келеді. Клуб шеңберінде зияткерлік ойындар, қойылымдар, әдеби-сазды кештер, түрлі конкурстар ұйымдастырылып тұрады. 2014 жылы Ілияс Жансүгіровтің туған күніне орай республикада алғаш рет волейболдан оқушылар арасында жарыс өтті. Міне, сол турнир жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Оған қалалық білім бөлімі мен қалалық спорт бөлімі қолдау көрсетуде, – дейді Бірлікті Шабденов.

Дөңгелек үстел аясында жас зерттеуші Әсем Қожахмет «Қазақ танымындағы ат сыншысының этномәдени сипаты» атты баяндама жасап, «Құлагер» поэмасы негізінде ұлттық болмыстың ерекше бір қырын ашып көрсетті.

Бұл туындыда Құлагердің бейнесі арқылы қазақтың жылқыға деген көзқарасы, бағалау өлшемі, таным деңгейі терең ашылған. Поэмадағы Күреңбайдың Құлагерге берген бағасы нағыз сыншының танымы десек болады. Ол тұлпардың тек сыртқы бітімін ғана сипаттап қоймай, оның болмысын, жаратылысын, шабыс қуатын жан жүрегімен сезіне алады. Бұл нағыз этномәдени танымның көрінісі. Ілияс Жансүгіров Құлагер арқылы қазақтың эстетикалық талғамын, сұлулық туралы түсінігін, жылқыға деген ілтипатын ерекше бейнелеген, – дейді жас зерттеуші.

Шара барысында №15 мектептің 7-сынып оқушысы Адия Изахметова да өз ойын ортаға салып, Ілияс поэзиясының бүгінгі оқушыға әсері туралы шынайы пікір білдірді. Бұл ұлы мұраның ұрпақтар сабақтастығы арқылы жалғасып келе жатқанын көрсеткен әсерлі сәттердің бірі болды.

Басқосуда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Талдықорған қаласындағы №15 орта мектеп арасында өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалып, ғылым мен білімнің сабақтастығын нығайтуға бағытталған нақты қадамдар белгіленді.

Шара соңында «Қазақ поэзиясының Құлагері» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталып, жас дарындардың еңбегі жоғары бағаланды.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

30.04.2026
Жетісуда жоғалған 72 жастағы ер адам дрон көмегімен табылды

Жетісуда жоғалған 72 жастағы ер адам дрон көмегімен табылды

30.04.2026
Әке беделі – қоғамның тірегі

Әке беделі – қоғамның тірегі

30.04.2026
Бейбіт Исабаев Ескелді ауданында халықты жеке қабылдайды

Бейбіт Исабаев Ескелді ауданында халықты жеке қабылдайды

30.04.2026
Күмбірді құрметтеген

Күмбірді құрметтеген

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.