Талдықорған: +27°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы «Салтанат сарайында» «TURGYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік форум өтті. Іс-шара барысында қатысушылар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді, инфрақұрылымды жаңғырту, басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру және халықпен кері байланысты күшейту жолдарын талқылады. Форум билік өкілдері, сарапшылар, мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) мен пәтер иелері кооперативтері (ПИК) басшылары арасында тиімді диалог алаңына айналды.

Алқалы жиынға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов, сондай-ақ салалық басқарма басшылары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты.

Форумды тізгендеген «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын аталған жобаның тұрғын үй саласындағы мәселелерді жүйелі шешудегі маңызын атап өтті.

Отырысты ашқан өңір басшысы кейінгі үш жылда өңірде су, жылу және электр желілерінің 1 мың шақырымнан астамы жаңғыртылғанын айтты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша, 329 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіліп, көрсеткіш 99,9%-ға жеткен. Сонымен қатар халықтың 67%-ы табиғи газға қосылған, бұл азаматтардың тұрмыс жағдайын едәуір жақсартты.

 – AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы бұл жұмысты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – әрбір тұрғын үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін алдағы уақытта да бірлігімізді сақтай отырып, жүйелі жұмыс жүргізетін боламыз. Ең бастысы – халықтың әл-ауқатын арттыру және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, – деді Бейбіт Исабаев.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова жоба МИБ және ПИК төрағаларын оқыту, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын енгізу және цифрлық сервистерді дамыту арқылы тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

 – Абаттандыру, тарифтер, жарықтандыру және қауіпсіздік мәселелері – әрбір қала тұрғынының өмір сапасына тікелей әсер ететін негізгі фактор. Сондықтан партия бастамасымен көппәтерлі тұрғын үйлердің өзекті мәселелерін жүйелі шешуге бағытталған «TURGYNDAR AMANATY» жобасы іске қосылды. Біз тұрғындармен күнделікті тікелей байланыста болып, олардың нақты сұраныстарын білетін МИБ және ПИК төрағаларының қолдауына үлкен үміт артамыз. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен кері байланыстарыңыз халық пен билік арасындағы тиімді диалогты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, – деді Шолпан Каринова.

Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов өңірдегі тұрғын үй қорының жағдайына тоқталып, бүгінде облыста 1 715 көпқабатты тұрғын үй бар екенін жеткізді. Оның 627-сі заманауи басқару нысандарына өткен. Үш жылда 284 тұрғын үй жаңартылып, 289 аула абаттандырылып, 30 лифт ауыстырылған. Газдандыру мәселесіне ерекше назар аударылып отыр: қазіргі уақытта 600 көпқабатты үй табиғи газға қосылған.

 – TURGYNDAR AMANATY» жобасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін дамытудың жаңа бағытын айқындайды. Мұнда әрбір үй – ең алдымен меншік иелерінің жауапкершілік аймағы. Біз ашық әрі есеп беретін басқару моделіне көшіп жатырмыз. Оның нәтижесі адамдардың тұрмыс жағдайы мен әр ауладағы нақты өзгерістер арқылы өлшенеді. Өңірде бұл өзгерістерге берік негіз қаланды, ендігі міндет – олардың жүйелі әрі тұрақты жүзеге асуын қамтамасыз ету. Жобаның басты нәтижесі – барлық азамат үшін қолайлы орта қалыптастыру, – деді Әсет Қанағатов.

Форум барысында Мәжіліс депутаты Болат Керімбек те сөз сөйлеп, жобаның басты міндеті тұрғын үй қорын басқаруда тәртіп орнату және коммуналдық мәселелерді шешу ісіне азаматтардың қатысуын арттыру екенін атап өтті.

– TURGYNDAR AMANATY» жобасының мақсаты – көппәтерлі тұрғын үйлердегі жылдар бойы қордаланған мәселелерді шешу, әсіресе ПИК пен МИБ жұмысына қатысты түйткілдерді реттеу. Біз «бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидатын енгіздік. Бұл тұрғындардың қаражаты тек өз үйінің қажеттілігіне жұмсалуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ төрағаны сайлау құқығы тұрғындардың өздеріне беріліп, оның өкілеттік мерзімі үш жылға дейін ұзартылды. Енді екі есепшот ашылады: ағымдағы жөндеу жұмыстарына арналған және шатырды немесе қасбетті жөндеу сияқты ірі жұмыстарға арналған жинақ. Бұл әрбір тұрғынның өз мүлкін басқаруға тікелей қатысып, қаржының қайда жұмсалып жатқанын бақылауына мүмкіндік береді, – деді Болат Керімбек.

Форумның екінші бөлімі оқыту семинарына арналды, онда қатысушылар тұрғын үй қорын басқарудың практикалық дағдыларын меңгеріп, өзекті мәселелерді шешу жолдарын ашық диалог форматында талқылады.

Іс-шара соңында МИБ және ПИК белсенді төрағалары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар бірқатар ПИК төрағасы «AMANAT» партиясының қатарына қосылу туралы шешім қабылдады. Жаңа мүшелерге салтанатты түрде партиялық билет табысталды.

Қатысты жаңалықтар

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026
Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

06.05.2026
Ардагерлер жарыс жолында

Ардагерлер жарыс жолында

06.05.2026
Мол өнім кепілі

Мол өнім кепілі

06.05.2026
Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

Қазақстанда аграрларға жаңа талап қойылмақ

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.