Талдықорған: +26°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бейбіт Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2026
КҮНДЕРЕК
Бейбіт Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірде тұратын Ұлы Отан соғысының көзі тірі жалғыз ардагері Ысқақ Құсайыновтың шаңырағына барып, оны Жеңіс күнімен құттықтады. 

Өңір басшысы ардагерге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыстап, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді.

«Құрметті Ысқақ Әбілпейісұлы! Сізді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – жасампаз аға буынның асқақ рухы мен қайтпас қайсарлығын паш ететін мереке. Сіз адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың қиындықтарын еңсеріп, біздің бейбіт әрі дербес елде алаңсыз өмір сүруіміз үшін аянбай күрестіңіз. Өнегелі өмір жолыңызбен өскелең ұрпаққа шынайы отаншылдық рухының жарқын үлгісін көрсеттіңіз. «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген бір ауыз сөзден Жеңіс мерекесінің түпкі мән-мағынасын түсінуге болады. Халқымыз соғыс және еңбек ардагерлерінің өшпес ерлігіне зор құрметпен қарайды, олардың есімін әрдайым жадында сақтайды.

Сізге барша отандасымыздың атынан мықты денсаулық жене амандық тілеймін!», – делінген құттықтау хатта.

Ардагерді құттықтаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев:

«Сіздердің ерліктеріңіз, бізге сыйлаған бейбіт өмір – баршамыз үшін ең қастерлі құндылық. Ең алдымен, өңірімізде көзі тірі жалғыз соғыс ардагері ретінде Сізді, сондай-ақ барлық ардагерлерді, тыл еңбеккерлерін, олардың ұрпақтарын және облыс тұрғындарын Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз өсіп-өркендей берсін», – деді.

Ардагердің үлкен қызы Гүлсінжан Ысқаққызы сөз сөйлеп, көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлық үшін алғысын білдіріп, барша жұртқа бейбіт өмір, амандық пен береке тіледі.

Айта кетерлігі, ардагердің үйінің ауласында №18404 әскери бөлімі әскери үрмелі аспаптар оркестрі соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Сонымен қатар ардагерді құттықтауға «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушылары да келді.

102 жастағы ардагер соғысқа 18 жасында өз еркімен аттанған. Жауынгерлік ерлігі үшін оған «Әскери-теңіз флотының үздігі» атағы берілген. Кеңес-жапон соғысына қатысқан. Майданнан оралған соң ұстаздық жолды таңдап, 40 жылға жуық уақытын жас ұрпақ тәрбиесіне арнады. Ол II дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Жуков медалімен, «Жапонияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен және басқа да бірқатар маңызды марапаттармен наградталған.

Халық ағарту ісінің озық қызметкері, Алакөл ауданының Құрметті азаматы, бірнеше әдістемелік оқу құралдарының авторы атанған ардагердің қызы мен немересі де оның жолын жалғастырып, білім саласына еңбек етіп келеді. Бүгінде ардагер 9 немере, 26 шөбере, 5 шөпшек сүйіп отыр. 2023 жылы майдангерге облыс орталығындағы жаңа шағын аудандардың бірінен бір бөлмелі пәтердің кілті табысталған болатын.

Атап өтсек, биыл Жетісу облысында Жеңіс күніне орай 2034 азаматқа жалпы сомасы 296 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде өңірдегі көзі тірі жалғыз соғыс ардагеріне 5 млн теңге төленді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

Бейбіт Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2026
Аңызға айналған аға

Аңызға айналған аға

09.05.2026
Бір хаттың көмегі

Бір хаттың көмегі

09.05.2026
Құтқару кезінде қаза тапқан бейбіт күннің батырына «Ерлігі үшін» медалі берілді

Құтқару кезінде қаза тапқан бейбіт күннің батырына «Ерлігі үшін» медалі берілді

09.05.2026
Соғыстың соңғы солдаты

Соғыстың соңғы солдаты

09.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.