Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті, азық-түлік базарларында сауда орындарын ұсыну жөніндегі қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізуді бастады.
Талдаудың мақсаты осы тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау, бәсекелестік деңгейін айқындау, сондай-ақ үстем және монополиялық жағдайға ие субъектілерді анықтау болып табылады.
Талдау аясында, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы не болмауы да анықталатын болады.
Бұдан басқа, талдау көрсетілген нарықта бәсекелестік ортаның дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтауға бағытталған.
«Жетісу-Ақпарат»





