Талдықорған: +20°C
$ 470.17
€ 547.47
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Қазақстанның үздік ауыр атлеттері Жетісуда бас қосты

16.05.2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, КҮНДЕРЕК
Қазақстанның үздік ауыр атлеттері Жетісуда бас қосты
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу жерінде ауыр атлетиканың мектебі бұрыннан қалыптасып, түлектері ел намысын әлемдік аренада абыроймен қорғап келеді. Олимпиада ойындарында жақсы нәтиже көрсетіп, жүлде алып жатқан ауыр атлеттердің басым бөлігі осы өңірден. Биыл қазақстандық спортшыларды күзде Жапонияда өтетін Азия ойындары күтіп тұр. Ауыр атлеттерді електен өткізіп, үздіктерін сол аламанға қосу үшін Талдықорғанға 16 өңірден 160-тан астам мықтысы жиналып, Қазақстан чемпионатында сынға түсіп жатыр. Жақсы нәтиже көрсеткендер Ұлттық құрамаға қабылданады.

Сөз басында Жетісу жеріндегі ауыр атлетика мектебі жөнінде айттық. Биылғы ел чемпионатына арнайы келіп, құрметті қонақтар қатарынан орын алған Афины олимпиадасының күміс жүлдегері (77 келі – жұлқа көтеруде 172.5, серпе көтеруде 200.0 жалпы 372.5 келі) Сергей Филимоновты жолықтырдық. Оның есімі Жетісудан шыққан алғашқы жүлдегер ауыр атлеттердің қатарында жиі айтылады.

– Олимпиада жүлдегерін дайындау біркүндік болмаса қысқа мерзімдегі жұмыс емес. Бұл ұзақ жаттығу мен еңбекті талап етеді. Дәл қазір байқағаным, талантты жастарымыз көп екен. Тек оларға дер уақытында дәл көмек беріп, бағытты дұрыс нұсқасақ деймін. Талай чемпионның аяқ алысын бақылап, өзімізше жақсылыққа жорып отырмыз, – дейді Олимпиада жүлдегері Сергей Филимонов.

Филимоновтың айтатынындай бар. Жарыстың бірінші күнінен бастап күн сайын ел рекордтары жаңарып, жаңа нәтижелер тіркеліп жатыр. Спортшылардың қарқыны қатты. Мәселен, 1-күні 60 келіде жұлқа көтеруде әу баста Азамат Төлеген 122 келіні көтеріп рекорд жаңартса, артынша жанкүйерлер алдына шыққан Әлішер Тұрғанбай 123 келіні бағындырды. Бұл салмақта жетісулық Исламжан Мұзапаров 3-орын (109+143 – 252 келі) алды. Арулар жарыстың алғашқы күні екі қола алды. Жеңіл салмақта (48 келі) 21 жастағы Валерия Васечко (55+68 – 123 келі) қарсыластарынан оқ бойы озып кетті. Бұл салмақтағы жетісулық Арина Леванова (48+59 – 107 келі) 3-орынға ие болды. Ал 53 келідегі Айгерім Әуелбек жалпы 154 келі көтеріп (74+83 келі), үштікті түйіндеді. Бұл салмақта жамбылдық Айнұр Әбдіхалықоваға (72+92 – 164 келі) ешкім жетпеді.
Жарыстың екінші күні нағыз шоу болды. Бапкерлер өз спортшыларының шама-шарқына қарай қарсыластарын бақылап, айлалы жүрістерге барды. Бұл күні бір салмақта (65 келі) 8 рекорд жаңарды. Чемпиондық үшін талас қос жетісулық Сайрамкез Ақмолда мен Анатолий Савельевтің арасында өтті. Аталған салмақта жұлқа көтеруде – 3, серпе көтеруде – 2 және қоссайыс қорытындысы бойынша 3 Қазақстан рекорды жаңарды. Анатолий Савельев жұлқи көтергенде 137 келіні бағындырып, ел рекордтын жаңартты. Ал серпе көтергенде 160 келіні көтеріп, екі жарыстың қорытындысы бойынша 303 келіні еңсерді. Сайрамкез Ақмолда болса жұлқа көтеруде 137 келіні көтеріп, серпе көтерудің алғашқы мүмкіндігінде 167 келіні бағындырды. Екінші мүмкіндігінде 174 келіні көтеріп, Қазақстан рекордтын жаңартты. Ал үшінші мүмкіндігін пайдаланудан бас тартты. Қос сайыстың қорытындысы бойынша 311 келіні бағындырып, Қазақстан чемпионы атанды.

– Басты қарсыласымыздың салмақ көтеруіне байланысты әрекет жасадық. Өздеріңіз көргендей, серпи көтерудегі 3 мүмкіндігімде 182 келіні көтеруім керек еді, алайда мерзімінен бұрын чемпион болғандықтан қажет деп таппадық. Енді жазғы Азия ойындарына дайындалып, жақсы нәтиже көрсету үшін барымды саламын, – дейді Сайрамкез Ақмолда.

Жылдан жылға жасарған спортшылардың, көтеріп жатқан темірлері ауырлап барады. Бұл жақсылықтың нышанындай. Алдағы болатын жаһан жарыстарында жетісулықтар атойлап, талай медальді сыңғырлатып елге алып келейін деп тұр. Ел чемпионатында 58 келіде сынға түскен 14 жастағы Текелі қаласының тумасы Снежана Кашкарова өзінің қарсыластарынан 10 келіден артық көтеріп, жеңімпаз атанды. Ол серпе мен қоссайыс нәтижесі бойынша ел рекордтын жаңартты. Былтыр Снежана 48 келіде бақ сынап, жалпы 151 келімен топ жарған еді. Биыл 58 келіде қарсыластарынан бір бас жоғары тұрды. Өткен жылы дәл осы салмақта жалпы 172 келімен (77+95) Әсемай Шүкірбаева чемпион атанған. Биыл бұл салмақтағы жеңім- паздар былай түзілді: 1-орын Снежана Кашкарова (88+115 – 203 келі), 2-орынды тағы бір жетісулық София Зоткина (78+99 – 177 келі) және 3-орынды ұлытаулық Нұрсезім Абатқызы (76+98 – 174 келі) алды.

– Мен осымен ересектер арасындағы жарысқа үшінші рет қатысып, барлығында ел чемпионы атандым. Жақындарымыз қолдап отырғаннан кейін тек жақсы нәтиже көрсетіп, қуантқым келді. Ол жоспарым ойдағыдай болды. Енді сары құрылық жарысында жақсы көрсеткіш көрсету үшін қолымнан келгенінің бәрін істеймін, – дейді Снежана Кашкарова.

Жарыстың ресми ашылу салтанатында өткен аптада Египетте болған жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль алған (88 келіде 161+194 – 355 келі) жетісулық ауыр атлет Әлихан Әскербайға облыс басшылығы 500 мың теңге сыйақы берді. Бұл ынталандыру жас спортшыны шыңдай түсері хақ. Бүгінде ауыр атлетикада қатаң тәртіп пен тазалық бірінші орында. Осыған дейінгі былықтар әлем назарында. Содан қорытынды шығарған ауыр атлетикадағылар спортшыларды қатаң қарап, ережені барынша күшейткен.

– Ел чемпионатының Жетісу жерінде өтуі тегін емес. Осы өңірден шыққан ұл-қыздар әлемдік аренада рекорд жаңартып, үздік нәтиже көрсетіп жүр. Кейінгі 2 жылда ауыр атлетикадан Қазақстан Орта Азиядағы жетекші елге айналды. Әлемде өз орнын қайта қалыптастырды. Бүгінгі таңда елімізде допингке байланысты қадағалау күшейтіліп, таза спортқа көңіл бөлініп жатыр. Жағдай тұрақталды. Сондықтан болар, ел спортшыларының әлемдік жарыстарға қатысуына жол ашылды, – дейді Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев.

Талдықорғандағы ел чемпионаты 19 мамырға дейін жүреді. Әлі талай рекордтың мұрты бұзылып, көптеген таланттың жеңімпаз аталарына куә боламыз.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда құлпынай бағасы өзге қалалармен салыстырғанда қандай?

Талдықорғанда құлпынай бағасы өзге қалалармен салыстырғанда қандай?

16.05.2026
Мемлекет басшысы кітап оқуды дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы кітап оқуды дамыту туралы жарлыққа қол қойды

16.05.2026
Президент қоғамдық көлік жүйесін бақылайтын орталық жұмысын көрді

Президент қоғамдық көлік жүйесін бақылайтын орталық жұмысын көрді

16.05.2026
Астанада LRT ресми түрде іске қосылды

Астанада LRT ресми түрде іске қосылды

16.05.2026
Жетісуда инертті материалдарды заңсыз өндіру фактілері көбейген

Жетісуда инертті материалдарды заңсыз өндіру фактілері көбейген

16.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.