Талдықорған: +20°C
$ 470.17
€ 547.47
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді

16.05.2026
КҮЛТӨБЕ, КҮНДЕРЕК
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді
WhatsAppTelegramFacebook

Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтті. Халықаралық шара аясында қарқынды дамып келе жатқан цифрлық дәуірдегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен басым бағыттары, қазіргі геосаяси ахуалдың адамзат үшін маңыздылығы жан-жақты талқыланды.

«Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбына арналған алқалы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрландыру және ЖИ саласындағы стратегиялық бағдарын баяндады.

– Қазақстан цифрлық ел болуды көздеп отыр. Бұл – еліміздің алдында тұрған стратегиялық мақсат. Осы жыл Қазақстанда «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды. Астанада Alem.ai жасанды интеллект орталығы ашылды. Сондай-ақ, біз екі суперкомпьютерді іске қостық. Келесі қадам – «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру. Бұл жоба аймақ елдеріне жетекші технологиялық компаниялар мен жаһандық цифрлық капиталды тартуға зор мүмкіндік бермек. Біз Қазақстанды аймақтық хаб ретінде дамыту үшін көші-қон үдерісін оңтайландыра бастадық. Шетелден келген кәсіпкерлерге, инвесторларға, білікті мамандарға арналған «Алтын визаны» енгіздік. Мұндай виза алған адамдар мемлекеттік және қаржылық қызметтерге Қазақстан азаматтарымен тең дәрежеде қол жеткізе алады, – деген Мемлекет басшысы елімізде Цифрлық кодекс қабылданғанын, «Жасанды интеллект туралы» Заң күшіне енгенін жеткізді, білім саласындағы цифрлық инфрақұрылымды дамыту және озық технологияны меңгерген педагогтерді даярлау мәселесіне, білім беру жүйесін әр оқушының қабілетіне сай бейімдеуге, олардың дербес деректерін қорғау ісіне ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті.

Өз сөзінде жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу туралы Жарлыққа қол қойғанын алға тартқан Президент еліміздің цифрлық даму бағдарын айқындайтын Digital Qazaqstan стратегиясы бекітілетінін, Алматы қаласында Тұрақты дамуға ықпал ететін цифрлық шешімдер орталығы ашылғанын атап өтіп, жобаның тең авторлары ретінде бұл жұмысқа мол үлес қосқандарға алғыс білдірді. Сондай-ақ, наурыз айында Шымкент қаласында Түркі кеңесі сарапшыларының қатысуымен «Жасанды интеллект және цифрлық даму» атты халықаралық конференциясы өткенін алға тартқан Қасым-Жомарт Кемелұлы Габалада өткен басқосуда цифрлық даму және киберқауіпсіздікке қатысты бірқатар бастама көтергенін еске салды.

Ауқымды бастамаларды жүзеге асыру үшін Түркі инвестициялық қоры тарапынан қаржылай көмек көрсетудің қажеттігін атап өткен Мемлекет басшысы Ұйымға мүше мемлекеттерді осы міндетті жедел жүзеге асыруға шақырды. Одан бөлек, Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің IT хабтарының бірлескен орталығын ашуды, орталыққа «Turkic ai» атауын беруді, Alem.ai орталығында орналастыруға болатынын алға тартқан Президент Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі конвенция жобасын пысықтау туралы ұсынысты қолдауға шақырып, бұл түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және дәріптеу ісіне құқықтық негіз екенін атап өтті.

Жасанды интеллект негізінде түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты материалдарды жинақтайтын арнайы цифрлық платформа құру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін, ол жоба көптілді форматта жасалып, кез келген адамның онлайн режимде түркі өркениетінің мол мұрасымен танысатынын, зерделейтінін, оған қажетті жан-жақты цифрлық шешімдерді Қазақстан ұсынуға дайын екенін атап өткен Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркі мемлекеттерінің тарихи және мәдени мұрасын сақтау және оны болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыру – баршаға ортақ міндет, парыз екенін алға тартты.

Одан соң бауырлас елдердің бірлесіп ғылыми зерттеу жүргізуіне, мәдени жобаларды және білім беру бағдарламаларын іске асыруына жағдай жасап, гуманитарлық ықпалдастықты нығайта түсетін Түркі өркениеті орталығынның қызметін тиімді ұйымдастыру үшін Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-академиялық әлеуетін пайдаланған жөн деп санайтынын алға тартқан Мемлекет басшысы Түркі өркениеті орталығының іргетасын қалау рәсіміне қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Астанада Дала өркениетін дәріптеуге арналған арнайы орталық құру жоспарланған. Онда дала халықтарының тарихы мен мәдениеті кеңінен насихатталмақ. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттерді және барлық бауырларымызды осы жобаны қолдауға және оған белсенді қатысуға шақырған Президент Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыруды, ол үшін Кеңеске мүше елдердің тиісті мекемелерінің өкілдері, ғылыми сарапшылары кіретін Мемлекетаралық терминологиялық комиссия құруды ұсынды.

– Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын жан-жақты дамытуға мүдделі. Бүгінде біздің Ұйымға халық­аралық қауымдастық сенім білдіріп отыр. Абырой-беделіміз де артып келеді. Осы орайда Қазақстан Ресейдің «Алтай – түркі өркениетінің бесігі» жобасына оң көзқарасын білдірді. Бұған қоса, біз «Алтай сұхбат алаңы (диалогі)» форумын құру жөніндегі ұсынысымызды жарияладық. Еліміз Түркияның ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын құру бастамасын қолдады. Осы форматқа қосылуға ниет білдірген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты нақты өлшемдер болу қажет деп санаймын, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы «Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес» – деп Ұйымды әскери альянс ретінде сипаттаушыларға жауап берді.

– Ең бастысы, жаңа форматтағы жұмыс Ұйымның мақсат-міндеттеріне сай болып, оған кері әсерін тигізбеуі керек. Мысалы, соңғы кезде Ұйымымызды әскери альянс ретінде сипаттайтын ой-пікірлер айтылып жүр. Олардың теріс пейілі бізге анық, мақсаттары – елдестіру емес екені де белгілі. Қазақстан ондай ұстанымды жоққа шығару керек деп санайды.
Біз үшін түркі әлемінің бірлігін нығайту аса маңызды, кезек күттірмейтін басымдық. Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес, әскери ұйым да емес. Бұл – бауырлас елдердің сауда-экономикалық, жоғары технологиялық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайтатын бірегей алаң.
Мұндай ұстаным еліміз үшін – маңызды басымдық, себебі, бұл ұлттық мүдде тұрғысынан да тиімді екені анық. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген аталы сөз – бәрімізге ортақ. Түркі әлемі әрдайым тату болып, алға қойған мақсатынан ауытқымай, бірлесе дами беруі керек. Сондықтан бүгінгі басқосу тамыры бір, тарихы ортақ елдеріміздің ауызбіршілігін арттыра түсері сөзсіз.

Akorda.kz

Қатысты жаңалықтар

Теміржолдағы тәртіп: 255 құқық бұзушылық тіркелді

Теміржолдағы тәртіп: 255 құқық бұзушылық тіркелді

16.05.2026
Елімізде буллингпен күрес күшейді

Елімізде буллингпен күрес күшейді

16.05.2026
Шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

Шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

16.05.2026
Өнеркәсіп дамыса, өңір өркендейді

Өнеркәсіп дамыса, өңір өркендейді

16.05.2026
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді

16.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.