Талдықорған: +21°C
$ 470.17
€ 547.47
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстан көмір өндірісін 129 млн тоннаға дейін ұлғайтпақ

18.05.2026
КҮНДЕРЕК
Қазақстан көмір өндірісін 129 млн тоннаға дейін ұлғайтпақ

Қарағанды облысы әкімдігі

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан көмір өндіру көлемін арттырып, салаға 553 млрд теңге инвестиция тартуды көздеп отыр. Энергетика министрлігінің мәліметінше, көмір өнеркәсібі елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегиялық маңызын сақтап келеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 115 млн тонна көмір өндірілді. Бұл – 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға жоғары көрсеткіш. Өндірілген көмірдің 85 млн тоннасы ішкі нарыққа, атап айтқанда жылу электр станцияларының, коммуналдық-тұрмыстық сектордың және халықтың қажеттіліктерін өтеуге бағытталған. Ал экспорт көлемі 30 млн тоннаға жетті.

Қазақстан көмірінің негізгі экспорттық бағыттары қатарында Ресей, Польша, Өзбекстан, Түркия, Үндістан және Малайзия бар. Сарапшылардың пікірінше, соңғы жылдары Азия нарығындағы сұраныстың артуы қазақстандық көмір экспортының географиясын кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр.

Энергетика министрлігі 2026 жылы көмір өндіру көлемін 128,9 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта елімізде көмір өндірумен айналысатын 40 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істейді. Саладағы ірі кәсіпорындардың қатарында «Богатырь Көмір», «Шұбаркөл Көмір», «Қаражыра», «Еуразиялық энергетикалық корпорация» секілді компаниялар бар.

Инвестициялық белсенділік те артып келеді. 2025 жылы келісімшарттық міндеттемелер аясында көмір саласына 305 млрд теңге инвестиция тартылса, 2026 жылы бұл көрсеткішті 553 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр. Қаражаттың негізгі бөлігі өндірістік қуаттарды жаңғыртуға, жаңа техника сатып алуға, қауіпсіздік жүйелерін күшейтуге және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.

Сонымен қатар геологиялық барлау жұмыстарына басымдық берілуде. Энергетика министрлігі биылғы жылдың соңына дейін 10 жер қойнауы учаскесі бойынша көмір кен орындарын игеру құқығын беру жөнінде аукцион өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жаңа инвесторларды тартуға және көмір базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстан көмір қоры бойынша әлемдегі жетекші мемлекеттердің бірі саналады. Ел дүниежүзінде көмір қоры көлемі бойынша 10-орында тұр. Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстандағы жалпы көмір қоры 33,6 млрд тоннаны құрайды. Мамандар қазіргі өндіру көлемін есептегенде бұл қор ел қажеттілігін 300 жылдан астам уақыт қамтамасыз етуге жететінін айтады.

Көмір өнеркәсібі Қазақстан экономикасында маңызды орын алады. Сала мыңдаған адамды жұмыспен қамтып қана қоймай, электр энергиясының негізгі бөлігін өндіруге қажетті отын көзі ретінде стратегиялық маңызын сақтап отыр. Бүгінде елдегі жылу электр станцияларының басым бөлігі көмірмен жұмыс істейді.

Қатысты жаңалықтар

Кең далаға нәр берген

Кең далаға нәр берген

18.05.2026
Бабалар рухы кернеп тұр

Ата заңның жас ұрпақ өміріндегі рөлі

18.05.2026
Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовке құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовке құттықтау жолдады

18.05.2026
Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18.05.2026
Хантавирус қаупі: ДСМ қазақстандықтарға сақ болуды ескертті

Хантавирус қаупі: ДСМ қазақстандықтарға сақ болуды ескертті

18.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.