Талдықорған: +12°C
$ 471.77
€ 547.25
₽ 6.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жетісудың инновациялық жобаларымен танысты

20.05.2026
КҮНДЕРЕК
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жетісудың инновациялық жобаларымен танысты

Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы облысқа жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалармен танысты. Сапар барысында су үнемдеу технологияларын енгізу, ірі инвестициялық жобалардың орындалу барысы, егіс алқаптарын зиянкестерден қорғау, қант қызылшасын күтіп-баптау жұмыстары және Көксу қант зауытының қызметі назарға алынды.

Вице-министр алдымен Кербұлақ ауданындағы Жоламан алқабына барып, 1,4 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясын енгізу жобасының барысымен танысты. Қазіргі таңда су ресурстарын тиімді пайдалану ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті міндеттің біріне айналып отыр. Сондықтан егістікті заманауи тәсілмен суару өнім көлемін арттырумен қатар тіршілік нәрін үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

«Агрохолдинг Жетісу» ЖШС қолға алған жоба қуаң тартып жатқан алқаптарға су жеткізіп, мал азығына қажетті дақылдарды молынан өсіруге жол ашып отыр. Заманауи жаңбырлатып суару жүйесі жердің құнарын тиімді пайдалануға, егістікті тұрақты ылғалмен қамтамасыз етуге және өнімділікті арттыруға бағытталған. Мамандардың айтуынша, жүгері, жоңышқа, арпа, бидай сияқты дақылдардың түсімі 30-40 пайызға дейін көтеріледі. Бұл 5 мың басқа арналған бордақылау алаңының жемшөп қорын тұрақты қалыптастыруға негіз болады.

«Агрохолдинг Жетісу» ЖШС басшысы Ермек Нұрланұлының айтуынша, қазіргі таңда серіктестік 1,4 мың гектар жерді игеріп отыр. Оның 285 гектарына Германияның KВC сұрыпты жүгерісі, 485 гектарына «Платон» сұрыпты жоңышқа, 352 гектарына арпа, 70 гектарына шемішке егілген.

– Егістік алқабының барлығы «Bauer» компаниясының 26 құрылғысы арқылы тамшылатып суарылады. Қазір мемлекеттік қолдаудың арқасында 4 алқап іске қосылды. Алдағы уақытта өз қаржымыз есебінен тағы 5 алқапты пайдалануға беруді жоспарладық. Биыл жүгеріден гектарына 100-150 центнер өнім алуды көздеп отырмыз. Келесі жылы жоңышқадан гектарына 20 тоннаға дейін өнім алу межеленіп отыр. Арпа бойынша 30-35 центнер өнім жинауды жоспарлаудамыз. Негізгі мәселе – жерасты суын пайдалану құнының қымбаттығы. Осы бағытта жеңілдік қарастырылса, шаруашылықтарға үлкен қолдау болар еді, – дейді Ермек Нұрланұлы.

Сапар барысында Кербұлақ ауданында шегірткетектес зиянкестерге қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-күйі қаралды. Мамандар зиянкестердің таралуын болдырмау, егіс алқаптарын қорғау және алдын алу шаралары жөнінде ақпарат берді. Бұл бағыттағы жұмыстың дер кезінде әрі сапалы атқарылуы шаруалардың еңбегін сақтап, өнімнің ысырап болмауына ықпал етеді.

Облыста шегірткетектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Биыл өңір бойынша жалпы 133,4 мың гектар аумақта өңдеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,2 мың гектарға аз. 2025 жылы бұл көрсеткіш 152,6 мың гектар болған.

Жоспарланған аумақтың 91,1 мың гектары үйірлі шегірткеге, 42,3 мың гектары саяқ шегірткеге қарсы өңделмек. Үйірлі шегірткенің ішінде 66,0 мың гектар итальяндық прусқа, 25,1 мың гектар азиялық шегірткеге тиесілі. Зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарына барлығы 481 миллион теңге бөлінген. Оның 309,9 миллион теңгесі республикалық, 171,1 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылған. Қазіргі таңда облыс аумағында 13,7 мың гектар жер өңделді.

Республикалық фитосанитариялық-диагностикалық орталығы облыстық филиалының басшысы Бақберген Атантаевтың айтуынша, негізгі мақсат – шегірткетектес зиянкестердің таралуына жол бермей, ауыл шаруашылығы дақылдарын дер кезінде қорғау.

– Шегірткетектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Әрбір анықталған ошақ мамандардың тұрақты бақылауында. Қажетті өңдеу шаралары уақытылы атқарылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс аудандық құрылымдармен, жергілікті атқарушы органдармен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен бірлесе жүргізіледі, – дейді Бақберген Молдабекұлы.

Сала мамандарының мәліметінше, мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Жоспарланған аумақтарды толық қамту арқылы зиянкестердің егістікке залал келтіруінің алдын алу көзделіп отыр.

Бұдан кейін жұмыс сапары Ескелді ауданында жалғасты. Вице-министр «Нам» шаруа қожалығына барып, қант қызылшасын күтіп-баптау жұмыстарымен танысты. Қант қызылшасы өңір үшін маңызды дақылдардың бірі саналады. Оны уақытылы күтіп-баптау, агротехникалық талаптарды сақтау және өнімділікті арттыру – ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі міндеттердің қатарында.

Ескелді ауданындағы «Нам» шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы саласында заманауи технологияларды енгізіп келе жатқан іргелі шаруашылықтың бірі. Қожалық басшысы – Герман Николаевич Нам. Биыл шаруашылықта қант қызылшасын өсіруге арналған жерасты тамшылатып суару технологиясы іске қосылмақ. Жобаның қуаттылығы 48 гектар егістік алқап. Оған 240 миллион теңге қаржы қарастырылған. Жаңа жүйе толық іске қосылғанда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Шаруашылықта Испанияның «AZUD» фирмасы шығарған автоматтандырылған «QGROW» фертигация жүйесі қолданылмақ. Бұл қондырғы минералды тыңайтқышты қажетті мөлшерде сумен дәл араластырып, өсімдіктің тамыр аймағына жеткізуге мүмкіндік береді. Яғни су да, тыңайтқыш та босқа шығындалмайды.

Шаруашылық басшысы Герман Намның айтуынша, жерасты тамшылатып суару жүйесінің басты артықшылығы – суды үнемдеп қана қоймай, дақылдың өнімділігін арттыруында.

– Бұл технологияда су тікелей өсімдіктің тамырына беріледі. Соның арқасында ылғал топырақ бетінде буланып кетпейді, арамшөп те азаяды. Тыңайтқышты да дәл мөлшермен беруге болады. Бұрынғыдай артық су жұмсалмайды, еңбек шығыны да азаяды. Ең бастысы, қант қызылшасының біркелкі өсіп, сапалы өнім беруіне жағдай жасалады, – дейді Герман Николаевич.

Сапар барысында вице-министр Көксу қант зауытының жұмысымен де танысты. Өңір үшін стратегиялық маңызы бар кәсіпорында қант қызылшасын қабылдау, өңдеу, өндірістік қуатты тиімді пайдалану және алдағы маусымға дайындық мәселелері қаралды. Зауыттың тұрақты жұмыс істеуі қызылша өсіретін шаруашылықтар үшін аса маңызды. Себебі, өндіріс орны шаруалардың өнімін уақытылы өткізуге, қант қызылшасы алқаптарын ұлғайтуға және облыстағы агроөнеркәсіптік тізбекті дамытуға мүмкіндік береді.

Жұмыс сапарын қорытындылаған вице-министр Ермек Кенжеханұлы облыстың аграрлық әлеуетіне жоғары баға берді. Облыста тамшылатып суару, жерасты суын тиімді пайдалану секілді бағыттарда жақсы тәжірибе қалыптасып келетінін атап өтті.

– Шынын айту керек, облыстың мүмкіндігі өте жоғары. Мұнда тамшылатып суару, жерасты суын үнемді пайдалану бойынша нақты жетістіктер бар. Бұл мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың нәтижесі. Егер бұл жобалар ойдағыдай жүзеге асса, өңірдегі озық тәжірибені республика көлемінде таратуға болады, – деді Ермек Кенжеханұлы.

Кездесуде шаруалар тарапынан су пайдалану тарифіне қатысты ұсыныстар да айтылды. Вице-министр бұл мәселе тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қаралатынын жеткізді. Сондай-ақ, вице-министр шегірткетектес зиянкестермен күрес биылғы дала жұмыстары кезіндегі басты бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Жалпы, жұмыс сапары барысында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, өсімдік қорғау шараларын жүйелі жүргізу, егін шаруашылығындағы тиімді тәсілдерді қолдану және Көксу қант зауытының өндірістік әлеуетін арттыру мәселелері басты назарға алынды. Мұндай жобалар облыстың аграрлық әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен көлемін көбейтуге жол ашады.

Қажет АНДАС
Кербұлақ, Ескелді аудандары

Қатысты жаңалықтар

Жалтақтауды қоятын уақыт жетті

Жалтақтауды қоятын уақыт жетті

20.05.2026
Алтын Орда мұрасы: әлемнің жетекші ғалымдары Астанада Қарар қабылдады

Алтын Орда мұрасы: әлемнің жетекші ғалымдары Астанада Қарар қабылдады

20.05.2026
Ардагерлер ұйымы жаңа белеске бет бұрды

Ардагерлер ұйымы жаңа белеске бет бұрды

20.05.2026
Белсенді қоғам – жарқын болашақ кепілі

Белсенді қоғам – жарқын болашақ кепілі

20.05.2026
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жетісудың инновациялық жобаларымен танысты

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жетісудың инновациялық жобаларымен танысты

20.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.