Талдықорған: +12°C
$ 471.77
€ 547.25
₽ 6.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жалтақтауды қоятын уақыт жетті

20.05.2026
КҮНДЕРЕК
Жалтақтауды қоятын уақыт жетті
WhatsAppTelegramFacebook

ЖЕТІСУДАН шыққан жас ғалым Ернар СЕРІКЖАНҰЛЫ бүгінде Түркияның Нийде қаласындағы Өмер Халисдемир университетінде ғылыми зерттеумен айналысып жүр. Бұған дейін ол филология мамандығы бойынша Польшада магистратурада оқыған. Халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтағаннан кейін елге қайтып, мектеп қабырғасында шәкірттерге саналы тәрбие, сапалы білім берді. Біз ғалыммен бүгінгі ғылым, жасанды интеллект және еліміздегі, шетелдегі ғылыми ахуал туралы аз-кем әңгіме өрбіттік. 

– Ернар мырза, шетелге шығуыңызға не себеп болды?

– Елде, шетелде білім алып, тәжірибе жинап, 10 жыл туған жерімде мектепте қызмет істедім. Біршама жетістікке де жеттім. Тұрақты жұмысым да бар. Отбасы, туған-туыс, дос-жарандар ортасында алаңсыз өмір сүрдім. Жайлы баспанам да, көлігім де болды. Қысқасы, бір басыма жетіп артылатын дәулетім жеткілікті еді. Алайда үнемі бір дүние жетпей тұратын. Күнделікті күйбең тіршілік өмірдің мәнін жойып бара жатқандай сезілді. Сөйтіп, «комфорт зонадан шығу керек» деген дабыл қағып, бір сәтте-ақ шешім қабылдап, бәрін тастап, «отбасыммен Түркияда білім аламын» деп шештім. Бұл шешіміме қуанбасам, ешқашан өкінбеймін. Осылайша Түркияда екінші өмірім басталды. Жаңа өлке, жаңа менталитет, жаңа мәдениет. Көп дүние үйрендім. Терең ой түйдім. Жетекшім өте білімді де білікті маман – Адем Йелоғлу. Нийде Өмер Халисдемир университетінің оқытушысы, доктор. Кафедраның негізгі оқытушыларының бірі. Сібір/солтүстік-шығыс түркі тілдері бойынша жауапты. Студенттермен ғылыми жұмыс жүргізеді. Түркі тілдері мен әдебиетін зерттейтін маман. Ғалым үшін тәжірибе алмасу, ғалымдармен пікір бөлісу – үлкен олжа. Осы тұрғыда жолым болды. Шетелде біржола қалып қою деген ой мүлде жоқ. Керісінше білім-ілім алып, рухани байып, еліме оралып, өмірімнің соңына дейін білгенімді өзгелерге үйретіп, адал қызмет етемін. Шетелде өмір сүріп жүріп біраз дүниені көкейіме түйдім. Біріншіден, еліңнің, жеріңнің қадірін терең түсінесің. Сен Қазақстаннан басқа жерде арқаңды кеңге салып алаңсыз, емін-еркін жүре алмайсың. Екіншіден, егемен елің бар екенін сезінгенде әлемнің қай түкпірінде жүрсең де ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫ екеніңді зор мақтанышпен, нық сеніммен айта аласың. Мен үшін бұдан артық қуаныш жоқ. Егемендік біздің ең басты байлығымыз. Осы байлықты көздің қарашығындай қорғауымыз керек. Әрқайсымыз еліміз үшін қолымыздан келгенше қызмет етуге міндеттіміз. Болмаса жай ғана ел үшін жақсылық жасасақ та жеткілікті. Әсіресе, жастар. Бізге артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр.

– Сіздің негізгі зерттеу бағытыңыз қандай? Докторлық диссертацияңыз туралы айтып өтсеңіз?

– Түркология. Түркі халықтарының тілі мен әдебиетінің тарихын зерттейміз. Жетекшім – Адем Йелоғлу екеуміз ақылдаса келе «Абай Құнанбайұлы мен Әлішер Науаи шығармаларындағы әдеби-рухани сабақтастық» тақырыбын таңдадық. Екеуміз екі әлемнің тұлғасымыз. Ол кісінің ұстанымы бойынша түркі халықтарын жақындастырудың ең тиімді жолы – тілдік жағынан зерттеу. Яғни «ортақ алфавит, ортақ емле болса, халықтар бір-бірін еш қиындықсыз түсінеді» деген ойда. Бүкіл түркі тілдерінің атауын ортақ «түрік тілі» деуді ұсынады. Мысалы, түрік тілінің қазақ диалектісі, түрік тілінің өзбек диалектісі дегендей. Осы бағыт бойынша тақырып таңдауды ұсынды. Алайда көңілім дәл осы тақырыпты қаламай, келіспедім. Себебі тілде тұрған ештеңе жоқ. Оның үстіне қазіргі таңда әрбір түркі халықтарының тілдері жеке-жеке тіл болып дамып кетті. Ортақ сөздер болғанымен әр тілдің тарихи емлесі бар. Мысалы, қазақ тілін бір тілдің диалектісі деу дұрыс емес. Сондықтан әдебиетті зерттеп түркі халықтарының ОРТАҚ МЕНТАЛИТЕТІН, ОРТАҚ МӘДЕНИЕТІН, ОРТАҚ КОДЫН анықтауды ұсындым. Және осы ұстанымымды жоғары бағалаймын. Бұл жұмыс түбінде өз жемісін беретініне сенімдімін.

– Ғылым мен бизнес арасында байланыс бар ма?

– Дамыған елдерде ғылым мен бизнес бір-бірінен бөлек емес. Керісінше, олар бір арнада. Егер бизнеске ғылым қажет болса, ғылым автоматты түрде дамиды. Қазақстандағы кең қолданысқа ірі компаниялар өзінің ғылыми-зерттеу зертханаларын ашса, бұл үлкен серпіліс болар еді. Ғылым тек грантпен өмір сүрмей экономикамен байланысуы қажет.

– Қазақстан мен Түркияның ғылыми даму деңгейі қандай?

– Екі ел арасындағы ғылым жайлы бөліп-жарып нақты ештеңе айта алмаймын. Ғылымның дамуы екі елде де қалыс қалып жатқан жоқ. Тек бағыттары бөлек демесек. Менталитеттегі айырмашылықтан ғана сәл сезінуге болады. Елімізде ғылымға барынша көңіл бөлініп келетіні қуантады. Біз әлемді мойындатамыз десек, ғылым жолынан бастауымыз керек. Жалпы, ғылымда сіздің еңбегіңізді байқап, бағалайтын орта болса, мүмкіндік біртіндеп ашыла береді.

– Ғылым жолында бізге не жетіспейді? Не істеу керек?

– Бұл сұраққа тек зерттеп жүрген бағытым бойынша ғана жауап бере аламын. Бізге дәл қазір жалтақтауды қою керек. Нақты бүгінгі күні мұның тигізер пайдасы шамалы. Өз ұстанымымызды берік ұстансақ жеткілікті. Осы күнге дейін тарихты басқалар жасаса (өз идеологияларымен), енді өзіміз қолға алу керек. Бұл жол үздіксіз еңбек етуді талап етеді. Төл тарихымыз ата-бабаларымызды дәріптеу үшін емес, сабақ алу үшін зерттелсе деймін. Өткен шақта жіберілген қателікті болашақта қайталамас үшін сабақ алған жөн. Ғылымда еркіндік болу керек. Ғылым жолында жүрген әріптестерім бір идеологияның жақтаушысы болса, онда мен ондай адамды «ғалым» деп санамаймын. Ғылым да әдебиет секілді АРДЫҢ ІСІ.

– Жастарға айтар кеңесіңіз қандай?

– Жастық шақ жалындап тұратын, қайта айналып келмейтін тәтті кезең. Сондықтан оны қалағаныңша қызықты, пайдалы өткізген дұрыс. Әр адам өз қызығушылығын, өз жолын тапқанда ғана өмірге босқа келмегенін түсінеді. Ғылымбілімге ұмтылудың да өзіндік бір ләззаты бар. Осынау даңғыл жолға бет бұрған жастарды ешқашан өздерін шектемеуге шақырамын. Өмірде мүмкіндік те, адамның қиялы да шексіз әрі шетсіз. Ал осы мақсатқа жету жолында шағын мемлекет саналатын отбасының қолдауы, демеуі аса маңызды. Шаңырағы биік, іргесі берік, рухани бай, бақытты балалы-шағалы отбасын құра білсең, бұл өмірде сенен мықты адам жоқ. Сол үшін жастарға Міржақып атамыздың аманатына адал болайық дегім келеді.
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.

– Сіздіңше, жасанды интеллект ғылыми жаңалыққа жол аша ала ма?

– Жасанды интеллект – ықтималдыққа негізделген. Мысалы, сіз ChatGPT жүйесіне сұрақ қоясыз. Ол нақты «ойланып» жауап бермейді, тек ықтималдығы жоғары жауапты таңдайды. Сондықтан оның жауабы әрдайым 99,9 % анық болады деп айту қиын. Адамда көру, есту, оқу, ойлау сияқты бірнеше қабілет бар. Ал қазіргі ЖИ негізінен тек мәтінмен жұмыс істейді. Дегенмен компьютерлік көру (computer vision) бағытында үлкен зерттеу жүргізіліп жатыр. Болашақта бұл технологиялар дамыса, көп нәрсе өзгеруі мүмкін. Әрине, жаһандану заманында жаңашылдықтан қалмау керек. Жасанды интеллект ғылымның жылдам дамуына әсер етеді деп үзілді-кесілді айтуға әлі ерте. Бірақ ол зерттеу үдерісін айтарлықтай жылдамдатады. Мысалы, ақпарат іздеу, мақалаларды тексеру сияқты жұмыстарды жеңілдетеді. Демек, ол – көмекші құрал. Ал шынайы жаңалық ашу үшін адам интеллектісі ауадай қажет.

– Уақыт бөліп, әңгімелескеніңізге рахмет.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жалтақтауды қоятын уақыт жетті

Жалтақтауды қоятын уақыт жетті

20.05.2026
Алтын Орда мұрасы: әлемнің жетекші ғалымдары Астанада Қарар қабылдады

Алтын Орда мұрасы: әлемнің жетекші ғалымдары Астанада Қарар қабылдады

20.05.2026
Ардагерлер ұйымы жаңа белеске бет бұрды

Ардагерлер ұйымы жаңа белеске бет бұрды

20.05.2026
Белсенді қоғам – жарқын болашақ кепілі

Белсенді қоғам – жарқын болашақ кепілі

20.05.2026
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жетісудың инновациялық жобаларымен танысты

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жетісудың инновациялық жобаларымен танысты

20.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.