Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Kaspi-аударымдарды бақылау: салықшылар маңызды ескерту жасады

9 қаңтар 2025
КҮНДЕРЕК
Kaspi-аударымдарды бақылау: салықшылар маңызды ескерту жасады
WhatsAppTelegramFacebook

Kaspi банкте ұялы телефон нөмірі тіркелген азаматтардың аударымдарын бақылау мәселесі әлі де көп талқыға түсіп жатыр. Бүгін қаржы министрлігінің өкілдері журналистердің басын қосып, осы тақырыпта баспасөз мәслихатын өткізді, 

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ШЕНЕУНІКТЕР НЕ ДЕЙДІ

– Егер маған, жеке тұлға ретінде, әрқайсысыңыздан 1 теңгеден аударым түссе, мұнда сома маңызды емес, бастысы – адамдар саны. 50 адам 1 теңгеден жіберсе, бұл 50 мобильді аударым. Егер осылай 100-ден астам адам үш ай қатарынан аударым жасайтын болса, бұл бақылауға алынады. Мобильді аударымды жеке мақсатта пайдаланатындар, яғни туыстарына, жақындарына, балаларына ақша аударатындарға бақылау жасалмайды. Мысалы, анасы күнде баласына ақша жіберуі мүмкін, ол күніне 10 рет аударым жасауы мүмкін, бірақ бұл тек 1 адам, бір ғана жеке тұлға жіберуші болып есептеледі. Мұндай жағдайда бақылау жасалмайды. Бақылауға алынатыны – бизнес-шоттарды қолданбайтын кәсіпкерлер. Мысалы, сіз дүкенге барғанда, сізден QR-код немесе картамен емес, аударым арқылы төлеуді сұрайды.  Кәсіпкерлер көбіне табыстарын төмендетіп көрсету арқылы шығындарын оңтайландыруға тырысады, – деп түсіндірді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова.

АУДАРЫМДАР ӘЗІРГЕ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНБАЙДЫ

Құсайынованың айтуынша, 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында кәсіпкерлік субъектілерінің 76 пайызы 5 млн теңгеден аз табыс көрсеткен.

– Бұл дегеніміз, күндік табыс – 27 мың теңге. Қай дүкенде күн сайынғы табысы осындай ғана? Ұлттық банктің деректері бойынша, 2023 жылы тауарлар мен қызметтерге жасалған төлем көлемі 55,3 трлн теңге болса, ал мобильді аударымдар көлемі 80 трлн теңгеге жуықтаған, – деді Дина Құсайынова.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі аударым сомалары емес, тек қатарынан 3 ай бойы 100-ден астам адамнан аударым қабылдаған жеке тұлғалар бақылауға алынатынын атап өтті. Мұндай жағдайда, аударым қабылдаған жеке тұлғаның ЖСН-і Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберіледі, ал тұлғаның өзіне камералдық бақылау жүргізу туралы хабарлама жолданады. Ол не себепті осыншама аударым алғанын түсіндіруі керек. Бұл талапты орындауға 30 жұмыс күні беріледі. Егер адам бұл хабарламаға жауап бермесе, оның шығыс операциялары уақытша тоқтатылады.

Президенттің тапсырмасымен жалпыға бірдей декларациялаудан босатылған жеке тұлғаларды Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарға қатысты заң бұзушылықтар үшін тек 2026 жылдан бастап тексере бастайды.

НЕ ӨЗГЕРЕДІ

Кірістер комитеті бұған дейін жаңа ереже күшіне енгеннен кейін, жеке тұлғалардың мобильді аударымдары тек жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес келсе ғана тексерілетінін, егер бұл ереже бұзылса, айыппұл салынуы мүмкін екенін ескерткен еді. Заң бойынша кәсіпкерлік қызметпен тіркелмей айналысатын жеке тұлғаларға айыппұл қарастырылған:

— Бірінші рет бұзғаны үшін – 15 АЕК (2024 жылы 55 380 теңге);

— Қайталанған жағдайда – 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге).

Әзірге мемлекеттік кірістер комитетінің бұл ұсынысын Ұлттық банк зерттеп жатыр.

Коллаж: Ulysmedia

Қатысты жаңалықтар

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00
Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Бүгін, 13:34

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.